«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 21 шілдедегі Заңына сәйкес Астана қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
1. «Су ресурстарын үстіңгі көздерден пайдалануға төлем ставкаларын бекіту туралы» Астана қаласы мәслихатының 2009 жылғы 21 желтоқсандағы № 286/42-IV шешiмiне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылғы 28 қаңтарда № 612 болып тіркелген, 2010 жылғы 30 қаңтардағы «Астана ақшамы» газетінің 10-нөмірінде және «Вечерняя Астана» газетінің 12-нөмірінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімге қосымшада:
6-баған алынып тасталсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Астана қаласы мәслихаты
сессиясының төрағасы А. Ким
Астана қаласы
мәслихатының хатшысы С. Есілов
КЕЛІСІЛДІ:
«Астана қаласы Табиғи ресурстар
және табиғатты пайдалануды
реттеу басқармасы» (ТРжТПР) ММ
басшысының м.а. Ә. Сарсембаев