Ақкөл ауданының ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге бірыңғай жер салығы мөлшерлемесін жоғарылату туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Ақкөл аудандық мәслихатының 2015 жылғы 30 наурыздағы № С 46-9 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 4 мамырда № 4780 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Ақкөл аудандық мәслихатының 2017 жылғы 4 қазандағы № С 15-2 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Ақкөл аудандық мәслихатының 04.10.2017 № С 15-2 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" кодексінің 444 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына сәйкес, Ақкөл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Ақкөл ауданының пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге бірыңғай жер салығы мөлшерлемесі он есе жоғарылатылсын.

      2. Осы шешім бірінші ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ақкөл аудандық мәслихат
сессиясының төрайымы
А.Мананбаева
      Ақкөл аудандық мәслихат
хатшысы
Ж.Салыбекова

      КЕЛІСІЛДІ

      Ақкөл ауданының әкімі Т.Қ.Едігенов

      30 наурыз 2015 жыл

      "Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі Мемлекеттік
Кірістер комитеті Мемлекеттік
кірістер департаментінің Ақкөл
ауданы бойынша мемлекеттік
кірістер басқармасы" Республикалық
мемлекеттік мекеме басшысы
А.С.Мұстафин

      30 наурыз 2015 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады