Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес Ақкөл ауданының шекараларында пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Ақкөл аудандық мәслихатының 2017 жылғы 4 қазандағы № С 15-2 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 11 қазанда № 6115 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Ақкөл аудандық мәслихатының 2018 жылғы 14 ақпандағы № С 18-3 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Ақкөл аудандық мәслихатының 14.02.2018 № С 18-3 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" кодексінің 444 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін - өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына сәйкес, Ақкөл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес Ақкөл ауданының шекараларында пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге бірыңғай жер салығының мөлшерлемелері он есе жоғарылатылсын.

      2. Ақкөл аудандық мәслихаттың 2015 жылғы 30 наурыздағы № С 46-9 "Ақкөл ауданының ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге бірыңғай жер салығы мөлшерлемесін жоғарылату туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4780 тіркелген, 2015 жылғы 8 мамырда аудандық "Ақкөл өмірі" және "Знамя Родины КZ" газеттерінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ақкөл аудандық
мәслихат сессиясының
төрағасы
Ж.Абдин
      Ақкөл аудандық мәслихат
хатшысы
Ж.Салыбекова

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Ақкөл ауданының әкімі Т.Едігенов

      4 қазан 2017 жыл

      "Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі Мемлекеттік
Кірістер комитеті Мемлекеттік
кірістер департаментінің Ақкөл
ауданы бойынша мемлекеттік
кірістер басқармасы" Республикалық
мемлекеттік мекеме басшысы
А.С.Мұстафин

      4 қазан 2017 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады