Егіндікөл ауданының пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының мөлшерлемелерін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Егіндікөл аудандық мәслихатының 2015 жылғы 4 қыркүйектегі № 5С36-6 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 6 қазанда № 4999 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Егіндікөл аудандық мәслихатының 2016 жылғы 27 ақпандағы № 5С42-2 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Егіндікөл аудандық мәслихатының 27.01.2016 № 5С42-2 (қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Кодексінің 387 бабының 1-1 тармағына, 444 бабының 1 тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы Заңының 6 бабына сәйкес Егіндікөл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес Егіндікөл ауданының пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының мөлшерлемелері он есе жоғарылатылсын.
      2. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес Егіндікөл ауданының пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге бірыңғай жер салығының мөлшерлемелері он есе жоғарылатылсын.
      3. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап бастап қолданысқа енгізіледі.
      Аудандық мәслихат
сессиясының төрағасы
Е.Исаченко
      Аудандық мәслихаттың хатшысы Р.Муллаянов

      КЕЛІСІЛДІ
      Егіндікөл ауданының әкімі
      А.Тайжанов
      2015 жылғы 04 қыркүйек
      КЕЛІСІЛДІ
      "Қазақстан Республикасы
      Қаржы министрлігінің
      Мемлекеттік кірістер
      комитетінің Ақмола облысы
      бойынша Мемлекеттік кірістер
      департаментінің Егіндікөл
      ауданы бойынша Мемлекеттік
      кірістер басқармасы"
      Республикалық мемлекеттік
      мекемесінің басшысы
      Г.Бекентаев
      2015 жылғы 04 қыркүйек

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады