Ерейментау ауданының Өлеңті ауылдық округінің аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Ерейментау ауданы Өлеңті селолық округі әкімінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы № 2 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 2 ақпанда № 4628 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Ерейментау ауданы Өлеңті ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 8 қыркүйектегі № 4 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Ерейментау ауданы Өлеңті ауылдық округі әкімінің 08.09.2017 № 4 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес, Ерейментау ауданының мемлекеттік ветеринарлық-санитарлық бас инспекторының 2015 жылғы 15 қаңтардағы № 01-24-11 ұсынысы негізінде Өлеңті ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Ерейментау ауданының Өлеңті ауылдық округінің Самал жайылым учаскесінде ит құтыру ауруы ошағының анықталуына байланысты, шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім Ақмола облысы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Өлеңті ауылдық
округінің әкімі
Б.Т.Хосыбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады