Еңбекшілдер ауданы бойынша 2015 жылғы субсидияларды алушылардың тізіміне қосуға құжаттар қабылдау мерзімдерін және субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының әрбір түрі бойынша оңтайлы себу мерзімдерін анықтау туралы

Жаңа

Ақмола облысы Еңбекшілдер ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 26 маусымдағы № а-6/130 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 21 шілдеде № 4890 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 4-3/177 бұйрығымен бекітілген басым дақылдар өндіруді субсидиялау арқылы өсімдік шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгі егіс пен егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін қажетті басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғанған топырақта өндеп өсіру шығындарының құнын субсидиялау Қағидаларына сәйкес және 2015 жылдың 17 маусымдағы № А-6/281 Ақмола облысы әкімдігінің «Басым ауыл шаруашылығы дақылдарының тізбесін және басым дақылдар өндіруді субсидиялау арқылы өсімдік шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгі егіс пен егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін қажетті басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғанған топырақта өндеп өсіру шығындарының құнын арзандатуға арналған субсидиялардың нормаларын (1 гектарға) белгілеу туралы», (№ 4834 нормативтік құқықтық актілер мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелді), 2015 жылғы 25 мамырдағы «А.И. Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің № 310 қорытындысы негізінде, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Еңбекшілдер ауданы бойынша 2015 жылы субсидияларды алушылардың тізіміне қосуға құжаттар қабылдау мерзімдерін және субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының әрбір түрлі бойынша оңтайлы себу мерзімдері қосымшаға сәйкес анықталсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С.Ж. Шәуеновке жүктелсін.
      3. Осы қаулы 2015 жылдың 30 сәуірінен бастап туындаған құқықтық қатынастарға таралады.
      4. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Еңбекшілдер ауданының әкімі                А.Қиықов

Еңбекшілдер аудан әкімдігінің
2015 жылғы «26» 06 № а-6/130
қаулысына қосымша    

Еңбекшілдер ауданы бойынша 2015 жылы субсидияларды алушылардың тізіміне қосуға құжаттар қабылдау мерзімдерін және субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының әрбір түрі бойынша оңтайлы себу мерзімдері

№ п/п

дақылдардың атауы

өтінімді беру мерзімдері

егу мерзімдері

1.

Жаздық бидай

10 шілдесіне дейін қоса есептегінде

13 мамырдан 05 маусымға дейін

2.

Жаздық арпа

10 шілдесіне дейін қоса есептегінде

25 мамырдан 07 маусымға дейін

3.

Сұлы

10 шілдесіне дейін қоса есептегінде

25 мамырдан 07 маусымға дейін

4.

Қыша

10 шілдесіне дейін қоса есептегінде

15 мамырдан 31 мамырға дейін

5.

Қүнбағыс

10 шілдесіне дейін қоса есептегінде

10 мамырдан 27 мамырға дейін

6.

Зығыр

10 шілдесіне дейін қоса есептегінде

18 мамырдан 27 мамырға дейін

7.

Қартоп

10 шілдесіне дейін қоса есептегінде

10 мамырдан 30 мамырға дейін

8.

Ашық қайрандағы көкөніс

10 шілдесіне дейін қоса есептегінде

08 мамырдан 20 маусымға дейін

9.

Жабық қайрандағы көкөніс

10 шілдесіне дейін қоса есептегінде

05 мамырдан 25 мамырға дейін

10.

Сүрлемге арналған жүгері, күнбағыс

10 шілдесіне дейін қоса есептегінде

10 мамырдан 30 мамырға дейін

11.

Суданның шөбі, азықтық тарысы

10 шілдесіне дейін қоса есептегінде

20 мамырдан 10 маусымға дейін

12.

Бұршақ-сұлы қоспасы

10 шілдесіне дейін қоса есептегінде

05 мамырдан 10 шілдесіне дейін

13.

Ерте көктемде себілетін көп дәнді және бұршақ тұқымдас шөптер

10 шілдесіне дейін қоса есептегінде

30 сәуіргі дейін егістік барысында мүмкіндігі

14.

Көпжылдық дәнді және бұршақ шөптердін көктемгі егіс

10 шілдесіне дейін қоса есептегінде

01 мамырдан 15 шілдесіне дейін

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады