2015 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы

Жаңартылған

Ақмола облысы Жақсы ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 12 қаңтардағы № а-0/03 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 12 ақпанда № 4642 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті  мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 6 бабы 4 тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес, Жақсы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қоса берілген 2015 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшері бекітілсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Жақсы ауданы әкімінің орынбасары Л.Ш.Сейдахметоваға жүктелсін.
      3. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      3.1. Осы қаулының күші 2015 жылғы 1 қаңтарынан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таратылады.
      Ескерту. Қаулы 3.1.-тармағымен толықтырылды - Ақмола облысы Жақсы ауданы әкімдігінің 08.06.2015 № а-5/156 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Аудан әкімі                                Қ.Сүйіндіков

Жақсы ауданы әкімдігінің
2015 жылғы 12 қаңтардағы
№ а-0/03 қаулысымен 
бекітілген     

2015 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшері

Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының түрі

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарындағы тәрбиеленушілердің саны

Мектепке дейінгі ұйымдардағы жан басына шаққандағы бір айға қаржыландыру мөлшері (теңге)

мемлекеттік

жеке меншік

мемлекеттік

жеке меншік

1

Балабақша

140

0

21476

0

2

Мектеп жанындағы жарты күн қатынайтын  шағын орталық

140

0

6762

0

кестенің жалғасы:

Бір тәрбиеленушіге айына жұмсалатын шығындардың орташа құны (теңге)

Мектепке дейінгі білім беру ұйымдардағы ата-аналардың бір айға төлемінің мөлшері (теңге)

мемлекеттік

жеке меншік

мемлекеттік

жеке меншік

21476

0

6847

0

6762

0

6847

0

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады