РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес, Жақсы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Жақсы ауданы әкімдігінің «2015 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы» қаулысына толықтыру енгізу туралы» 2015 жылғы 12 қаңтардағы № а-0/03 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4642 тіркелген, 2015 жылдың 28 ақпанында «Жақсы жаршысы» аудандық газетінде жарияланған) қаулысына келесі толықтыру енгізілсін:
келесі мазмұндағы 3.1. тармағымен толықтырылсын:
«3.1. Осы қаулының күші 2015 жылғы 1 қаңтарынан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таратылады.».
2. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі Қ.Сүйіндіков