Ескерту. Шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда - Ақмола облысы Шортанды аудандық мәслихатының 31.03.2016 № С-2/3 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің 386, 444 баптарына, "Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына сәйкес Шортанды аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
Ескерту. Кіріспеге өзгеріс енгізілді - Ақмола облысы Шортанды аудандық мәслихатының 31.03.2016 № С-2/3 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
1. Шортанды ауданының шекараларындағы Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының мөлшерлемелері он есеге жоғарылатылсын.
Ескерту. 1-тармаққа өзгерістер енгізілді - Ақмола облысы Шортанды аудандық мәслихатының 31.03.2016 № С-2/3 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
2. Шортанды ауданының шекараларындағы Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге бірыңғай жер салығының мөлшерлемелері он есеге жоғарылатылсын.
Ескерту. 2-тармаққа өзгерістер енгізілді - Ақмола облысы Шортанды аудандық мәслихатының 31.03.2016 № С-2/3 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
3. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихаттың сессия төрайымы | А.Коровина |
Аудандық мәслихаттың хатшысы | Г.Скирда |
КЕЛІСІЛДІ
Шортанды ауданының әкімі | Г.Сәдуақасова |
"09" 04 2015 жыл | |
"Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Шортанды ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы" Республикалық мемлекеттік мекемесінің басшысы |
Е.Әубакіров |
"09" 04 2015 жыл |