Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Шортанды аудандық мәслихатының 26.01.2018 № С-24/3 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің 386, 444 баптарына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына сәйкес Шортанды аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Шортанды ауданының шекараларындағы Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелері он есеге жоғарылатылсын.
2. Шортанды ауданының шекараларындағы Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге бірыңғай жер салығының мөлшерлемелері он есеге жоғарылатылсын.
3. Шортанды аудандық мәслихатының 2015 жылғы 9 сәуірдегі № С-38/3 "Шортанды ауданының шекараларындағы Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы" шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4787 тіркелген, 2015 жылдың 23 мамырында аудандық "Вести" газетінде және 2015 жылдың 23 мамырында аудандық "Өрлеу" газетінде жарияланған), Шортанды аудандық мәслихатының 2016 жылғы 31 наурыздағы № С-2/3 "Шортанды аудандық мәслихатының 2015 жылғы 09 сәуірдегі № С-38/3 "Шортанды ауданының шекараларындағы пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5295 тіркелген, 2016 жылдың 23 сәуірінде аудандық "Вести" газетінде және 2016 жылдың 23 сәуірінде аудандық "Өрлеу" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
4. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихаттың сессия төрағасы |
А.Қожамсейітов |
Аудандық мәслихаттың хатшысы |
Д.Отаров |
"КЕЛІСІЛДІ"
Шортанды ауданының әкімі | Г.Сәдуақасова |
"17" 08 2016 ж.
"Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментіні Шортанды ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы" Республикалық мемлекеттік мекемесі басшысының м.а. |
Б.Қолдасбаев |
"17" 08 2016 ж.