Шортанды аудандық мәслихатының 2015 жылғы 09 сәуірдегі № С-38/3 "Шортанды ауданының шекараларындағы пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Шортанды аудандық мәслихатының 2016 жылғы 31 наурыздағы № С-2/3 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 20 сәуірде № 5295 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Шортанды аудандық мәслихатының 2016 жылғы 17 тамыздағы № С-7/3 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Шортанды аудандық мәслихатының 17.08.2016 № С-7/3 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына сәйкес Шортанды аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Шортанды аудандық мәслихатының "Шортанды ауданының шекараларындағы пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы" 2015 жылғы 09 сәуірдегі № С-38/3 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4787 тіркелген, 2015 жылдың 23 мамырында аудандық "Вести" газетінде және 2015 жылдың 23 мамырында аудандық "Өрлеу" газетінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген шешімнің тақырыбы келесі редакцияда баяндалсын: "Шортанды ауданының шекараларындағы Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы";
      көрсетілген шешімге кіріспеде "387" саны "386" санымен ауыстырылсын;
      көрсетілген шешімнің 1 және 2 тармақтарында "пайдаланылмайтын" сөздері "Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын" сөздеріне ауыстырылсын.
      Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Аудандық мәслихаттың
сессия төрайымы
Ғ.Мұқанова
      Аудандық мәслихаттың
хатшысы
Д.Отаров

      "КЕЛІСІЛДІ"
      Шортанды ауданының әкімі Г.Сәдуақасова

      "31" наурыз 2016 ж.
      "Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігінің
Мемлекеттік кірістер комитеті
Ақмола облысы бойынша
Мемлекеттік кірістер
департаментінің Шортанды ауданы
бойынша Мемлекеттік кірістер
басқармасы" Республикалық
мемлекеттік мекемесінің
басшысы
Е.Әубакіров

      "31" наурыз 2016 ж.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады