Бурабай ауданы бойынша 2015 жылға субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының оңтайлы себу мерзімдерін және өсiмдiк шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруға, жанар-жағармай материалдарының және басқа тауарлық-материалдық құндылықтардың құнына субсидия алуға өтінімдер беру мерзімдерін белгілеу туралы

Жаңа

Ақмола облысы Бурабай ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 16 шілдедегі № а-7/336 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 30 шілдеде № 4916 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 1 тармағының 5 тармақшасына, «Басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егіс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 4-3/177 бұйрығына, «А.И. Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің 2015 жылғы 27 мамырдағы № 323 қорытындысына сәйкес, Бурабай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Бурабай ауданы бойынша 2015 жылға субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының оңтайлы себу мерзімдері және өсiмдiк шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруға, жанар-жағармай материалдарының және басқа тауарлық-материалдық құндылықтардың құнына субсидия алуға өтінімдер беру мерзімдері осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Қ.Қ. Жылқыбаевқа жүктелсін.
      3. Осы қаулының күші 2015 жылғы 01 мамырдан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таралады.
      4. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Бурабай ауданының әкімі                    Т.Ташмағамбетов

Бурабай ауданы әкімдігінің
2015 жылғы «16» 07 № а-7/336
қаулысына қосымша    

Бурабай ауданы бойынша 2015 жылға субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының оңтайлы себу мерзімдері және өсiмдiк шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруға, жанар-жағармай материалдарының және басқа тауарлық-материалдық құндылықтардың құнына субсидия алуға өтінімдер беру мерзімдері

Р/р №

Басым ауыл шаруашылығы дақылдарының атауы

Субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының оңтайлы себу мерзімдері

Субсидия алуға өтінімдер беру мерзімдері

1.

Жаздық бидай

13 мамырдан 05 маусымға дейін

20 маусымға дейін қоса алғанда

2.

Жаздық арпа

25 мамырдан 07 маусымға дейін

20 маусымға дейін қоса алғанда

3.

Сұлы

26 мамырдан 07 маусымға дейін

20 маусымға дейін қоса алғанда

4.

Қарақұмық

18 мамырдан 30 мамырға дейін

20 маусымға дейін қоса алғанда

5.

Бұршақ

15 мамырдан 31 мамырға дейін

20 маусымға дейін қоса алғанда

6.

Жасымық

20 мамырдан 28 мамырға дейін

20 маусымға дейін қоса алғанда

7.

Нұт

07 мамырдан 20 мамырға дейін

20 маусымға дейін қоса алғанда

8.

Күнбағыс

10 мамырдан 31 мамырға дейін

20 маусымға дейін қоса алғанда

9.

Зығыр

19 мамырдан 31 мамырға дейін

20 маусымға дейін қоса алғанда

10.

Рапс

15 мамырдан 31 мамырға дейін

20 маусымға дейін қоса алғанда

11.

Қыша

15 мамырдан 31 мамырға дейін

20 маусымға дейін қоса алғанда

12.

Біржылдық шөптер

20 мамырдан 10 маусымға дейін

20 маусымға дейін қоса алғанда

13.

Сүрлемге арналған жүгерi

10 мамырдан 31 мамырға дейін

20 маусымға дейін қоса алғанда

14.

Судан шөбі

20 мамырдан 10 маусымға дейін

20 маусымға дейін қоса алғанда

15.

Көктемгі көпжылдық дақылдардың және бұршақ шөптердің егіс

01 мамырдан 15 мамырға дейін

20 маусымға дейін қоса алғанда

16.

Картоп

10 мамырдан 10 маусымға дейін

20 маусымға дейін қоса алғанда

17.

Ашық топырақтағы көкөністер

08 маусымнан 20 маусымға дейін

20 маусымға дейін қоса алғанда

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады