"Жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы ставкалары туралы" облыстық мәслихаттың 2009 жылғы 21 желтоқсандағы № 235 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Ақтөбе облыстық мәслихатының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 290 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 16 сәуірде № 4310 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су Кодексінің 38-бабының 5) тармақшасына, "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің 487-бабының 1-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 5-тармағына және "Жер үсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақыны есептеу әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 223, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5675 тіркелген, бұйрығына сәйкес Ақтөбе облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. "Жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы ставкалары туралы" облыстық мәслихаттың 2009 жылғы 21 желтоқсандағы № 235 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3306 тіркелген, 2010 жылғы 19 қаңтарда "Ақтөбе" және "Актюбинский вестник" газеттерінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      Көрсетілген шешіммен бекітілген жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы ставкаларының мөлшері жаңа редакцияда қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 
 

      Облыстық мәслихаттың сессия
      төрағасы

Ғ. ЛАТЫПОВ

      Облыстық мәслихаттың хатшысы

С. ҚАЛДЫҒҰЛОВА


2015 жылғы 27 наурыздағы
№ 290 облыстық мәслихаттың
шешіміне қосымша


2009 жылғы 21 желтоқсандағы
№ 235 облыстық мәслихаттың
шешіміне қосымша

Жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы ставкілерінің
МӨЛШЕРІ Жайық, Сағыз, Ембi, Ойыл өзендері бассейні
 

№ р/с
 

Арнаулы су пайдаланудың түрі
 

Өлшем бірлігі
 

Төлемақы мөлшерлерi
 

1.
 

Тұрғын-үй пайдалану және коммуналдық қызметтер
 

теңге/1000 тек.м
 

101,0
 

2.
 

Өнеркәсiп жылу энергетикасын қоса есептегенде
 

теңге/1000 тек.м
 

292,0
 

3.
 

Ауыл шаруашылығы
 

теңге/1000 тек.м
 

81,0
 

4.
 

Су көздерiнен су алуды жүзеге асыратын тоған шаруашылықтары
 

теңге/1000 тек.м
 

79,0
 

5.
 

Су көздерiнен балық аулайтын балық шаруашылығы, тұтынушылар
 

теңге/тонна
 

207,0
 

6.
 

Су энергетика
 

теңге/1000 кВт.сағ
 

-
 

7.
 

Су көлігі
 

теңге/1000 тек.м
 

10,0
 

   

Торғай, Ырғыз өзендері бассейні
 

№ р/с
 

Арнаулы су пайдаланудың түрі
 

Өлшем бірлігі
 

Төлемақы мөлшерлерi
 

1.
 

Тұрғын-үй пайдалану және коммуналдық қызметтер
 

теңге/1000 тек.м
 

87,0
 

2.
 

Өнеркәсiп жылу энергетикасын қоса есептегенде
 

теңге/1000 тек.м
 

246,0
 

3.
 

Ауыл шаруашылығы
 

теңге/1000 тек.м
 

68,0
 

4.
 

Су көздерiнен су алуды жүзеге асыратын тоған шаруашылықтары
 

теңге/1000 тек.м
 

68,0
 

5.
 

Су көздерiнен балық аулайтын балық шаруашылығы, тұтынушылар
 

теңге/тонна
 

177,0
 

6.
 

Су энергетика
 

теңге/1000 кВт.сағ
 

-
 

7.
 

Су көлігі
 

теңге/1000 тек.м
 

-
 

   

      Ескертпе: Төлемақы мөлшерлерi сәйкес жылдық инфляцияның ресми деңгейiндегi индексiн ескере отырып есептеледi.
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады