"Ақтөбе облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысының әкімдігінің 2015 жылғы 2 қазандағы № 365 қаулысы. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 12 қарашада № 4576 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы әкімдігінің 2016 жылғы 23 қыркүйектегі № 406 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы әкімдігінің 23.09.2016 № 406 қаулысымен.
      РҚАО ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңының 17-бабына сәйкес Ақтөбе облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған "Ақтөбе облысының жолаушылар көлігі және автомбиль жолдары басқармасы" мемлекеттік мекемесінің Ережесі бекітілсін.
      2. "Ақтөбе облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" мемлекеттік мекемесі осы қаулыны "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне орналастыруды қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Ақтөбе облысы әкімдігінің кейбір қаулылары жойылсын.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Ғ.Н.Есқалиевқа жүктелсін.
      5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Ақтөбе облысының әкімі Б.Сапарбаев

  Ақтөбе облысы әкімдігінің
2015 жылғы 2 қазандағы № 365
қаулысына қосымша

Ақтөбе облысы әкімдігінің жойылуға жататын қаулыларының тізбесі

      1. Ақтөбе облысы әкімдігінің 2004 жылғы 29 қарашадағы № 317 "Облыстық мемлекеттік мекемелерді құру туралы" қаулысының 2 тармағы;
      2. Ақтөбе облысы әкімдігінің 2013 жылғы 9 шілдедегі № 214 " Облыс әкімдігінің 2004 жылғы 29 қарашадағы № 317 қаулысына толықтырулар енгізу туралы";
      3. Ақтөбе облысы әкімдігінің 2014 жылғы 13 қарашадағы № 398 "Облыс әкімдігінің 2004 жылғы 29 қарашадағы № 317 қаулысына өзгеріс және толықтырулар енгізу туралы;
      4. Ақтөбе облысы әкімдігінің 2015 жылғы 21 мамырдағы № 161 " Облыс әкімдігінің 2004 жылғы 29 қарашадағы № 317 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы.

  Ақтөбе облысы әкімдігінің
2015 жылғы 2 қазандағы № 365
қаулысымен БЕКІТІЛГЕН

"Ақтөбе облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары
басқармасы" мемлекеттік мекемесінің
Ережесі

1. Жалпы ережелер

      1. Осы "Ақтөбе облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" мемлекеттік мекемесінің Ережесі (әрі қарай – Ереже) Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" Жарлығына сәйкес әзірленді және "Ақтөбе облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" мемлекеттік мекемесінің мәртебесін және өкілеттігін айқындайды.
      "Ақтөбе облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" мемлекеттік мекемесі жолаушылардың автомобиль және темір жол көліктері, сондай-ақ жергілікті маңызы бар автомобиль жолдары саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
      2. "Ақтөбе облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" мемлекеттік мекемесінің филиалдары мен өкілдіктері жоқ.
      3. "Ақтөбе облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік –құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      4. "Ақтөбе облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық Комитетінің Ақтөбе облысы бойынша Қазынашылық департаменті" мемлекеттік мекемесінде шоттары болады.
      5. "Ақтөбе облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      6. "Ақтөбе облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      7. "Ақтөбе облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Ақтөбе облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен рәсімделетін шешімдер қабылдайды.
      8. "Ақтөбе облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері:030012, Қазақстан Республикасы, Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, Сәнкібай батыр даңғылы, 1.
      10. Мемлекеттік органның толық атауы - "Ақтөбе облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" мемлекеттік мекемесі.
      11. Осы Ереже "Ақтөбе облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
      12. "Ақтөбе облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру облыстық бюджеттен жүзеге асырылады.
      13. "Ақтөбе облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен "Ақтөбе облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер "Ақтөбе облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер облыстық бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      14. "Ақтөбе облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" мемлекеттік мекемесінің миссиясы:
      1) сапалы және қолжетімді көлік қызметіндегі қоғам және экономика қажеттіліктерін толык қанағаттандыру мен жергілікті маңыздағы автомобиль жолдары бойынша автокөліктердің барлық түрлерінің қауіпсіз және үздіксіз қозғалысын қамтамасыз ету;
      2) жергілікті желідегі автомобиль жолдарының техникалық жағдайын және сапасын жақсарту мақсатында автомобиль және темір жол көлігі саласында Қазақстан Республикасының тиімді мемлекеттік саясатын жүргізу және қалыптастыру.
      15. Міндеттері:
      1) көліктің барлық түрлерімен жолаушылар тасымалын ұйымдастыру;
      2) жергілікті деңгейдегі жолдарды салу, жөндеу және күтіп ұстау бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;
      16. Функциялары:
      1) облыстың коммуналдық меншігіндегі жолдарды және жол кәсіпорындарын басқарады;
      2) облыстық маңызы бар автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, жөндеу және күтіп ұстау бойынша жүргізілген жұмыстарды мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
      3) жолаушылар мен багажды тұрақты облысішілік автомобильмен тасымалдау маршруттарын және жүру кестелерін келіседі;
      4) облыстық маңызы бар, жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының, елді мекендер көшелерінің желісін басқарады;
      5) жолаушыларды облысішілік қатынастарда әлеуметтік мәні бар тасымалдауларды жүзеге асыру кезіндегі тасымалдаушылардың залалдарын субсидиялауды жүзеге асырады;
      6) Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес облыстық маңызы бар, жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, жөндеу және күтіп ұстау бойынша жұмыстарды ұйымдастырады;
      7) жолаушылар мен багажды тұрақты облысішілік тасымалдауларды ұйымдастырады, олардың маршруттарын бекітеді, оларға қызмет көрсету құқықтарына конкурс ұйымдастырады және өткізеді, маршруттар бойынша қозғалыс кестелерін бекітеді;
      8) ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарымен өтетін жолаушылар көлігінің маршруттық желілерін оралымды басқаруды іске асырады;
      9) облыстық маңызы бар, жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын дамыту жоспарлары мен бағдармаларын әзірлейді және іске асырады;
      10) жолаушылар мен багажды тұрақты облысішілік автомобильмен тасымалдау маршруттарының тізілімін жүргізеді;
      11) автовокзалдар мен автостанциялардың тізілімін жүргізеді;
      12) жолаушылар көлігін дамытудың кешенді схемасын және жол қозғалысын ұйымдастыру жобаларын әзірлейді;
      12-1) Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасына сәйкес лицензиялауды жүзеге асырады;
      12-2) халықаралық және республикаiшiлік қатынастарда қауiптi жүктердi тасымалдауды жүзеге асыратын автокөлiк құралдарының жүргiзушiлерiн арнайы даярлау жөніндегі қызметті жүзеге асыруды бастағаны туралы хабарлама берген жеке және заңды тұлғалардың тізілімін жүргізеді;
      12-3) қызмет өңірі шегінде механикалық көлік құралдары мен оның тіркемесінің міндетті техникалық байқаудан өткізу кестесін келіседі;
      12-4) "Халықаралық техникалық байқау сертификатын беру" мемлекеттік көрсетілен қызметін көрсетеді;
      12-5) жалпыға ортақ пайдаланылатын облыстық маңызы бар автомобиль жолдарын немесе олардың учаскелерін өтеусіз уақытша пайдалануға беру туралы облыс әкімдігінің қаулысын дайындайды;
      12-6) облыстық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын ақылы автомобиль жолдарын және көпiр өткелдерiн, пайдалану тәртібі мен шарттарын әзірлейді және бекітеді;
      12-7) облыстық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын сыныптау тәртібі мен шарттарын әзірлейді және бекітеді;
      12-8) облыстық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолын (жол учаскесін), ақылы негізде пайдалану туралы облыс әкімдігінің қаулысын дайындайды;
      12-9) облыстық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының жолға бөлiнген белдеуінде сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру тәртібін келіседі;
      12-10) облыстық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын ақылы автомобиль жолымен жүріп өту үшін ақы алу қағидалары туралы облыс әкімдігінің қаулысын дайындайды;
      12-11) облыстық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының тізбесін бекіту туралы облыс әкімдігінің қаулысын дайындайды;
      12-12) облыстық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының индекстерінің атауларын әзірлейді және бекітеді;
      13) шағын көлемді кемелердің кеме жүргізушілерін даярлау жөніндегі курстарды есепке алуды жүргізеді;
      14) шағын көлемді өздігінен жүзетін кемелерді басқару құқығына куәліктер береді;
      17. "Ақтөбе облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" мемлекеттік мекемесі өз функциялары мен негізігі міндеттерін орындау мақсатында өз құзыреті шегінде мына құқықтарды жүзеге асырады:
      1) гендерлік және отбасылық-демографиялықсаясатты қалыптастыру және жүзеге асыру мәселелерін қарайды;
      2) өз құзыреті шегінде сәйкес мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, кәсіпорындардан қажетті мәліметтерді алады;
      3) "Ақтөбе облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша сот органдарына жауапкер немесе талапкер болады;
      4) Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары саласында аймақтық бағдарламалар мен әлеуметтік-экономикалық даму жоспарларын қалыптастыруда облыс әкімінің өкімдері мен шешімдерінің, облыс әкімдігінің қаулыларының жобаларын жасайды;
      5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құқықтарын жүзеге асырады.
      18. "Ақтөбе облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" мемлекеттік мекемесі өз функциялары мен негізгі міндеттерін орындау мақсатында өз құзыреті шегінде мына міндеттерді жүзеге асырады:
      1) басқарма құзыретіне кіретін мәселелерді шешу барысында Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтайды;
      2) өз құзыреті шегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізеді;
      3) Қазақстан Республикасының заңнамасына және осы Ережеге сәйкес міндеттерді атқарады.

3. Мемлекеттік органың қызметін ұйымдастыру

      19. "Ақтөбе облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" мемлекеттік мекемесі басшылықты "Ақтөбе облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуын және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты бірінші басшы жүзеге асырады.
      20. "Ақтөбе облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес облыс әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      22. "Ақтөбе облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және босатылатын орынбасарлары болады.
      23. "Ақтөбе облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының өкілеттілігі:
      1) Басқарманың бөлімдері туралы ережелерді, олардың функциялары мен өкілеттіктерін бекітеді;
      2) Басқарма басшысының орынбасарларын, құрылымдық бөлімшелердің басшыларын, бас және жетекші мамандарды, мемлекеттік қызметкерлер болып табылмайтын жұмысшыларды лауазымға тағайындайды және босатады, оларға көтермелеу және тәртіп жазалау шараларын қолданады;
      3) Басқарманың бұйрықтарын шығарады;
      4) Басқарма қызметіне басшылық етеді, барлық мемлекеттік органдар мен өзге ұйымдарда басқарма атынан сөйлейді;
      5) "Ақтөбе облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекетке бағытталған шаралар қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекетке бағытталған шаралардың қабылдануына дербес жауапты болады;
      6) заңнамаларға сәйкес өкілеттіктерді жүзеге асырады.
      "Ақтөбе облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысы болмаған кезде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
      24. Бірінші басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.

4. Мемлекеттік органның мүлкі

      25. "Ақтөбе облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
      26. "Ақтөбе облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тиым салынбаған көздер есебінен қалыптастырылады.
      27. "Ақтөбе облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
      28. "Ақтөбе облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік мүлігін басқару бойынша уәкілетті органы "Ақтөбе облысының қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесі болып табылады.
      29. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Ақтөбе облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" мемлекеттік мекемесі, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      30. "Ақтөбе облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады