Байғанин ауданы бойынша пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Байғанин аудандық мәслихатының 2015 жылғы 4 тамыздағы № 183 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 20 тамызда № 4482 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Байғанин аудандық мәслихатының 2016 жылғы 29 ақпандағы № 216 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды – Ақтөбе облысы Байғанин аудандық мәслихатының 29.02.2016 № 216 шешімімен (қабылданған күнінен бастап күшіне енеді).
      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына, "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің 387, 444 баптарына сәйкес, Байғанин аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес Байғанин ауданы бойынша пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелері және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелері он есеге жоғарылатылсын.
      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Сессия төрағасы Г. Елеуова
      Мәслихат хатшысы Б. Турлыбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады