Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Қарғалы ауданының әкімдігінің 2015 жылғы 05 наурыздағы № 63 қаулысы. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 08 сәуірде № 4291 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Қарғалы аудандық әкімдігінің 2016 жылғы 16 мамырдағы № 190 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Қарғалы аудандық әкімдігінің 16.05.2016 № 190 қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 18, 238 баптарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына сәйкес Қарғалы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
       Қосымшаға сәйкес азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі айқындалсын.
       Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары І.Тынымгереевке жүктелсін.
       Осы қаулы оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі Р.Сыдықов
      "КЕЛІСІЛДІ"
      Қарғалы аудандық мәслихатының
      Хатшысы Х.Жылқыбеков

  Аудан әкімдігінің
  2015 жылғы 05 наурыздағы
  № 63 қаулысына
  ҚОСЫМША

Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі

№ р/с
Лауазымдар атауы
1)
2)
3)
1)
2)
3)
4)
5)
6)
7)
8)
9)
10)
11)
12)
13)
14)
15)
16)
17)
18)
19)
20)
21)
22)
23)
1)
2)
3)
1)
2)
3)
4)
5)
6)
7)
8)
9)
10)
11)
12)
13)
1)
2)
3)
4)
5)
6)
Әлеуметтік қамсыздандыру саласы мамандарының лауазымдары:
Жұмыспен қамту орталығының директоры;
Жұмыспен қамту орталығының маманы;
Әлеуметтік қызметкер.
Білім беру саласы мамандарының лауазымдары:
Білім беру ұйымдарының барлық мамандықтағы мұғалімдері;
Жалпы білім беретін мектептің, мектеп-балабақша кешенінің, қосымша білім беру ұйымдарының директоры (басшысы, меңгерушісі);
Мектепке дейінгі ұйымның меңгерушісі;
Шығармашылық шеберхананың жетекшісі (білім беру ұйымдарында);
Дене тәрбиесінің жетекшісі (білім беру ұйымдарында);
Алғашқы әскери даярлық жетекшісі, оқытушы-ұйымдастырушысы;
Жалпы білім беретін мектептердің, бастауыш, негізгі орта және қосымша білім беру ұйымдарындағы, оқу, оқу-тәрбиелік, оқу-әдістемелік, бейіндік, тәрбиелік жұмыстар жөніндегі директордың орынбасары;
Аға әдіскер, әдіскер;
Кітапхана меңгерушісі және кітапханашы;
Педагог-психолог;
Әлеуметтік педагог;
Мұғалім –логопед;
Педагог – ұйымдастырушы;
Қосымша білім педагогі;
Мұғалім – дефектолог;
Аға тәрбиеші, тәрбиеші (білім беру ұйымдарында);
Балалар мектепке дейінгі ұйымының музыкалық жетекшісі;
Оқу-тәрбие, оқу-өндірістік қызметімен тікелей айналысатын дене шынықтыру нұсқаушысы;
Медициналық бике;
Ем-дәм бикесі;
Аға жетекші, жетекші;
Хореограф;
Зертханашы.
Ветеринария саласы мамандарының лауазымдары:
Ветеринарлық дәрігер;
Ветеринарлық пункт меңгерушісі;
Ветеринарлық фельдшер;
Мәдениет саласы мамандарының лауазымдары:
Ұйымның басшысы, директор;
Көркемдік жетекші;
Әдіскер;
Көркем суретші;
Аккомпаниатор;
Мәдени ұйымдастырушы;
Хореограф;
Кітапханашы;
Бағдарламамен қамтамасыз етуші маман;
Библиограф;
Музыкалық жетекші;
Үйірме жетекшісі;
Кітапхана, филиал, клуб меңгерушісі.
Денсаулық сақтау мамандарының лауазымдары:
Бас дәрігер;
Бас дәрігердің орынбасарлары;
Дәріханалармен, кабинеттермен, бөлімшелермен, емхана меңгерушілері;
Барлық мамандықтағы дәрігерлер;
Барлық мамандықтағы орта медициналық қызметкерлер;
Әлеуметтік қызметкер.

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады