Тәңірберген ауылдық округі әкімінің "Тәңірберген ауылдық округіне елді мекендердің көшелеріне атау беру туралы" 2008 жылғы 3 желтоқсандағы № 1 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Мәртөк ауданы Тәңірберген ауылдық округі әкімінің 2015 жылғы 16 наурыздағы № 3 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 10 сәуірде № 4296 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабына және Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 3 шілдедегі "Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына және Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әртүрлі заңнамалық актілердің құқық нормалары арасындағы қайшылықтарды, олқылықтарды, коллизияларды және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін нормаларды жою мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Конституциялық Заңына сәйкес, Тәңірберген ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Тәңірберген ауылдық округі әкімінің 2008 жылғы 3 желтоқсандағы № 1 "Тәңірберген ауылдық округіне елді мекендердің көшелеріне атау беру туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-8-72 болып тіркелген, 2009 жылғы 7 қаңтарда "Мәртөк тынысы" аудандық газетінде жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
      шешімнің мемлекеттік тіліндегі атауында "округіне", "мекендердің" сөздері "округінің", "мекендерінің" сөздерімен ауыстырылсын;
      шешімнің орыс тіліндегі атауы мен бүкіл мәтіні бойынша "аульного", "названий", "ауле" сөздері "сельского", "наименования", "селе" сөздерімен ауыстырылсын;
      көрсетілген шешімнің кіріспесіндегі ", Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2005 жылғы 21 қаңтардағы № 45 "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік ономастикалық жұмыс тұжырымдамасы туралы" қаулысына" деген сөздері алынып тасталсын;
      шешімнің 1, 2, 3 тармақтары келесі жаңа редакцияда жазылсын:
      "1. Саржансай ауылындағы көшелерге – Ақтөбе, Достық, Жанқожа батыр, Тәуелсіздік, Әлия Молдағұлова, Бейбітшілік, Елек, Болашақ, Жағалау атаулары берілсін;
      2. Кенсахара ауылындағы көшелерге – Достық, Ардагерлер, Болашақ, Еңбек атаулары берілсін;
      3. Ақсу ауылындағы көшеге – Еңбек атауы берілсін."
      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Тәңірберген ауылдық округінің әкімі Ә. Ділжанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады