Тәңірберген ауылдық округінің елді мекендерінің көшелеріне атау беру туралы

Жаңартылған

Ақтөбе облысы Мәртөк ауданы Тәңірберген ауылдық округі әкімінің 2008 жылғы 3 желтоқсандағы № 1 шешімі. Ақтөбе облысының Мәртөк аудандық Әділет басқармасында 2008 жылдың 24 желтоқсанда № 3-8-72 тіркелді

      Ескерту. Шешімнің атауына өзгерістер енгізілді - Ақтөбе облысы Мәртөк ауданы Тәңірберген ауылдық округі әкімінің 16.03.2015 № 3 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Ескерту. Шешімнің атауында және деректемесінде "Тәнірберген" сөзі "Тәңірберген" сөзімен ауыстырылды - Ақтөбе облысы Мәртөк ауданы Тәңірберген ауылдық округі әкімінің 27.11.2017 № 3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес және халық пікірін ескере отырып, Тәңірберген ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Ақтөбе облысы Мәртөк ауданы Тәңірберген ауылдық округі әкімінің 05.01.2021 № 1 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      1. Саржансай ауылындағы көшелерге – Ақтөбе, Достық, Жанқожа батыр, Тәуелсіздік, Әлия Молдағұлова, Бейбітшілік, Елек, Болашақ, Жағалау атаулары берілсін.

      Ескерту. 1 тармақ жаңа редакцияда - Ақтөбе облысы Мәртөк ауданы Тәңірберген ауылдық округі әкімінің 16.03.2015 № 3 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2. Кенсахара ауылындағы көшелерге – Достық, Ардагерлер, Болашақ, Еңбек атаулары берілсін.

      Ескерту. 2 тармақ жаңа редакцияда - Ақтөбе облысы Мәртөк ауданы Тәңірберген ауылдық округі әкімінің 16.03.2015 № 3 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      3. Ақсу ауылындағы көшеге – Еңбек атауы берілсін.

      Ескерту. 3 тармақ жаңа редакцияда - Ақтөбе облысы Мәртөк ауданы Тәңірберген ауылдық округі әкімінің 16.03.2015 № 3 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      4. Шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ескерту. 4 тармаққа өзгерістер енгізілді - Ақтөбе облысы Мәртөк ауданы Тәңірберген ауылдық округі әкімінің 27.11.2017 № 3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.01.2021 № 1 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі). шешімдерімен.

      Тәңірберген ауылдық округінің әкімі: Р.Т. Ильясова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады