Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Мәртөк ауданы Родников ауылдық округінің әкімінің 2015 жылғы 24 маусымдағы № 4 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 08 шілдеде № 4424 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Мәртөк ауданы Родников ауылдық округі әкімінің 2016 жылғы 10 қарашадағы № 9 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Мәртөк ауданы Родников ауылдық округі әкімінің 10.11.2016 № 9 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 7 тармағына сәйкес және Қазақстан Республикасы ауылшаруашылығы министрлігінің ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Мәртөк аудандық аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринарлық-санитарлық инспекторының 2015 жылғы 24 маусымдағы № 11-3/359 ұсынысы негізінде Родников ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1.Ұсақ мүйізді қара малдарының арасында бруцеллез ауруының анықталуына байланысты Мәртөк ауданы Родников ауылдық округі аумағында шектеу іс-шаралары белгіленсін.
      2.Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      3.Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Родников ауылдық округінің әкімі Т. Рапнева

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады