Мұғалжар ауданында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Мұғалжар аудандық мәслихатының 2015 жылғы 10 маусымдағы № 234 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 30 маусымда № 4407 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Мұғалжар аудандық мәслихатының 2016 жылғы 12 сәуірдегі № 14 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Мұғалжар аудандық мәслихатының 12.04.2016 № 14 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95-IV Бюджет кодексінің 56 бабының 1 тармағының 4) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес, Мұғалжар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Қоса беріліп отырған Мұғалжар ауданында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидалары бекітілсін.
      2. "Мұғалжар ауданында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3755 тіркелген, 2014 жылдың 12 сәуірінде аудандық "Мұғалжар" газетінде жарияланған) 2013 жылғы 25 желтоқсандағы № 129 Мұғалжар аудандық мәслихатының шешімінің күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2015 жылғы 1 шілдеден бастап туындаған қатынастарға таралады.
      Аудандық мәслихаттың сессия төрағасы Қ. Төкешов
      Аудандық мәслихаттың хатшысы С. Салықбаев

  Мұғалжар аудандық мәслихатының 2015 жылғы 10 маусымдағы № 234 шешімімен бекітілген

Мұғалжар ауданында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидалары

      1. Осы Мұғалжар ауданында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидалары (бұдан әрі–Қағидалар) "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95-IV Бюджет кодексіне және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес әзірленді және әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың тәртібін белгілейді.

1. Жалпы ережелер

      2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі терминдер мен ұғымдар:
      1) атаулы күндер – жалпы халықтық тарихи, рухани, мәдени маңызы бар және Қазақстан Республикасы тарихының барысына ықпал еткен оқиғалар;
      2) арнайы комиссия – өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адамның (отбасының) өтінішін қарау бойынша Мұғалжар ауданы әкімінің шешімімен құрылатын комиссия;
      3) ең төмен күнкөріс деңгейі – Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті Ақтөбе облысының Статистика департаменті (бұдан әрі - облыстық статистика органы) есептейтін мөлшері бойынша ең төмен тұтыну себетінің құнына тең, бір адамға қажетті ең төмен ақшалай кіріс;
      4) мереке күндері – Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттік мереке күндері;
      5) отбасының (азаматтың) жан басына шаққандағы орташа табысы – отбасының жиынтық табысының айына отбасының әрбір мүшесіне келетін үлесі;
      6) өмірлік қиын жағдай – азаматтың тыныс тіршілігін объективті түрде бұзатын, ол оны өз бетінше еңсере алмайтын ахуал;
      7) уәкілетті орган – жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылатын, әлеуметтік көмек көрсетуді жүзеге асыратын "Мұғалжар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі;
      8) уәкілетті ұйым – "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігінің Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы" Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының Ақтөбе облыстық филиалының Мұғалжар аудандық бөлімшесі (бұдан әрі – зейнетақы төлеу орталығы);
      9) учаскелік комиссия – әлеуметтік көмек алуға өтініш білдірген адамдардың (отбасылардың) материалдық жағдайына тексеру жүргізу және қорытындылар дайындау үшін тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік әкімдерінің шешімімен құрылатын комиссия;
      10) шекті шама – әлеуметтік көмектің бекітілген ең жоғары мөлшері;
      11) отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты – шартты ақшалай көмек алу үшін отбасы атынан әрекет ететін еңбекке қабілетті жеке тұлға мен уәкілетті орган арасындағы тараптардың құқықтары мен міндеттерін айқындайтын келісім;
      12) шартты ақшалай көмек (бұдан әрі – ШАК) – отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарт талаптары бойынша жан басына жан басына шаққандағы орташа айлық табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 60 пайызынан төмен жеке тұлғаларға немесе отбасыларға мемлекет беретін ақшалай нысандағы төлем;
      13) отбасыға көмектің жеке жоспары (бұдан әрі – жеке жоспар) – уәкілетті орган өтініш берушімен бірлесіп әзірлеген жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және (немесе) әлеуметтік бейімдеу бойынша іс-шаралар кешені;
      14) әлеуметтік бейімдеу шаралары-әлеуметтік ортаның шарттарына қалыптасу мақсатында, қолданыстағы заңнамаларда қарастырылған тәртіппен көрсетілетін, арнаулы әлеуметтік қызметтер, мүгедектерді оңалту құралдары, сондай-ақ жергілікті бюджет қаражаты есебінен қарастырылған (тұрғын үй көмегі, жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген топтарына әлеуметтік көмек) әлеуметтік қолдаудың өзге де шаралары.
      3. Осы Қағидалар Мұғалжар ауданында тұрақты тұратын адамдарға қолданылады.
      4. Әлеуметтік көмек мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына "Мұғалжар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесімен, Үлгілік қағидалармен және осы Қағидалармен белгіленген тәртіпте көрсетіледі.
      5. Әлеуметтік көмек ретінде жергілікті атқарушы орган (бұдан әрі – ЖАО) мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына (бұдан әрі – алушылар) өмірлік қиын жағдай туындаған жағдайда, сондай-ақ атаулы күндер мен мереке күндеріне ақшалай немесе заттай нысанда көрсететін көмек түсініледі.
      6. Әлеуметтік көмек бір рет және (немесе) мерзімді (ай сайын, тоқсан сайын, жарты жылдықта 1 рет) көрсетіледі.
      7. Атаулы күндер мен мереке күндерінің тізбелері болып табылады:
      9 мамыр - Жеңіс күні;
      1 маусым - Балаларды қорғау күні;
      қазан айының екінші жексенбісі - Мүгедектер күні.
      Учаскелік және арнайы комиссиялар өз қызметін облыстардың ЖАО бекітетін ережелердің негізінде жүзеге асырады.

2. Әлеуметтік көмек алушылар санаттарының тізбесі және әлеуметтік көмектің мөлшерлері

      8. Ай сайынғы әлеуметтік көмек табыстарын есепке алмай көрсетіледі:
      1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне әлеуметтік-тұрмыстық қажеттілігіне, айына 8 000 (сегіз мың) теңге мөлшерінде;
      2) үйде оқитын мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету үшін олардың ата-аналарына немесе заңды өкілдеріне, білім беру кезеңіне, бір мүгедек балаға айына 2 (екі) айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде;
      3) онкологиялық аурулардан зардап шегетін азаматтарға, ҚТВ инфекциясын жұқтырғандарға және туберкулездің әртүрлі түрімен ауыратын науқастарға, ай сайын ұсынылатын "Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Мұғалжар орталық аудандық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны және "Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Ембі аудандық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны берген тізімдерге сәйкес, жылына 6 айға дейінгі амбулаториялық ем алу мерзіміне 10 (он) айлық есептiк көрсеткіш мөлшерінде;
      4) Ұлы Отан соғысына қатысушылары мен мүгедектеріне, I, II, III топтағы мүгедектерге, 16 жасқа дейінгі мүгедектерге және оларды ертіп жүруші тұлғаларға, "Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі – облыстық денсаулық сақтау басқармасы) жолдамасы бойынша емделуге төленетін жол шығындарын өтеу үшін.
      5) аз қамтылған отбасыларға, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алатындарға және 18 жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақы алатындарға бір айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.
      Ескерту. 8-тармаққа өзгерістер енгізілді - Ақтөбе облысы Мұғалжар аудандық мәслихатының 15.02.2016 № 281 шешімімен (алғашқы ресми жаряланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таралады).
      9. Атаулы күндер мен мерекелік күндерге табыстарын есепке алмай біржолғы әлеуметтік көмек көрсетіледі:
      9 мамыр - Жеңіс күніне орай:
      1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, 100 000 (жүз мың) теңге мөлшерiнде;
      2) жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы қатысушыларына және мүгедектеріне теңестірілген адамдарға, 50 000 (елу мың) теңге мөлшерiнде;
      3) жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысына қатысушыларына теңестірілген адамдардың басқа да санаттарына, 30 000 (отыз мың) теңге мөлшерiнде;
      4) мемлекеттік арнайы жәрдемақы алатын 1941 жылдың 22 маусымынан 1945 жылдың 9 мамыры аралығында кемінде 6 ай әскери қызмет өткерген және тылда жұмыс жасаған азаматтарға, 15 000 (он бес мың) теңге мөлшерiнде;
      5) мүгедек деп танылмаған, екінші рет некеге отырмаған, қайтыс болған Ұлы Отан соғысына қатысушылардың әйелдеріне (күйеулеріне), 25 000 (жиырма бес мың) теңге мөлшерiнде;
      6) қайтыс болған ауғандық жауынгерлерінің екінші рет некеге отырмаған әйелдеріне, 25 000 (жиырма бес мың) теңге мөлшерiнде;
      7) мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушы мүгедектерге, қазан айының екінші жексенбісі мүгедектер күніне орай, 30 000 (отыз мың) теңге мөлшерiнде;
      8) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылардың ішінде 18 жасқа дейінгі бала тәрбиелеп отырған аз қамтылған отбасыларға, 1 маусым –балаларды қорғау күніне орай, 20 000 (жиырма мың) теңге мөлшерiнде.
      10. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде біржолғы әлеуметтік көмек көрсетіледі:
      1) Ұлы Отан соғысына қатысушылары мен мүгедектеріне, 150 000 (жүз елу мың) теңгеге дейінгі шекте;
      2) жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы қатысушыларына және мүгедектеріне теңестірілген адамдарға, 100 000 (жүз мың) теңгеге дейінгі шекте;
      3) жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы қатысушыларына теңестірілген адамдардың басқа да санаттарына, 80 000 (сексен мың) теңгеге дейінгі шекте;
      4) зейнеткерлік жасқа жеткен адамдарға, 60 000 (алпыс мың) теңгеге дейінгі шекте;
      5) мүгедектерге, оның ішінде 18 жасқа дейінгі мүгедек баланы тәрбиелеп отырған адамдарға, 60 000 (алпыс мың) теңгеге дейінгі шекте;
      6) саяси қуғын-сүргін құрбандары, саяси қуғын-сүргіндерден зардап шеккен адамдарға, 50 000 (елу мың) теңгеге дейінгі шекте;
      7) көп балалы отбасыларға, 60 000 (алпыс мың) теңгеге дейінгі шекте;
      8) жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, балалар үйінің түлектеріне, 60 000 (алпыс мың) теңгеге дейінгі шекте;
      9) аз қамтылған азаматтарға 60 000 (алпыс мың) теңгеге дейінгі шекте;
      10) онкологиялық аурулары бар, ҚТВ инфекциясын жұқтырғандарға және туберкулездің әртүрлі түрімен ауыратын азаматтарға, 80 000 (сексен мың) теңгеге дейінгі шекте.
      11. Азаматтарды өмірлік қиын жағдай туындаған кезде мұқтаждар санатына жатқызу үшін мыналар:
      1) Қазақстан Республикасының заңнамаларында көзделген негіздемелер;
      2) табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келтіру не әлеуметтік мәні бар аурулардың болуы;
      3) жан басына шаққандағы орташа табыстың, өмірлік қиын жағдай туындауына байланысты біржолғы әлеуметтік көмек тағайындау барысында ең төменгі күнкөріс деңгейінің 1 еселік мөлшерінен аспауы және әлеуметтік келісімшарт негізінде көрсетілетін ай сайынғы әлеуметтік көмек көрсету үшін ең төменгі күнкөріс деңгейінің 0,6 мөлшерінен (күнкөріс деңгейінің 60 пайызынан) аспайтын болуы негiздеме болып табылады.
      12. Табиғи зілзала немесе өрт салдарынан өмірлік қиын жағдайлар туындаған кезде әлеуметтік көмек алу үшін өтініштерді қарау мерзімі:
      өмірлік қиын жағдайлар туындаған сәттен бастап алты айдан кеш емес.
      12-1. Өмірілік қиын жағдайлардағы азаматтарға, әлеуметтік келісімшарт негізінде көрсетілетін әлеуметтік көмектен басқасы, егер жолыққан сәттің алдындағы тоқсанда отбасының (азаматтың) жан басына шаққандағы орташа табысы Ақтөбе облысы бойынша төменгі күнкөріс деңгейі мөлшерінен 1 еседен аспаса әлеуметтік көмек көрсетіледі (кірісі есептелмей әлеуметтік көмек көрсетілетін Ұлы Отан соғысына қатысушылары мен мүгедектерін қоспағанда).
      Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне өмірлік қиын жағдай туындаған кезде, әлеуметтік көмек олардың табысын есепке алмай көрсетіледі.
      13. Әлеуметтік келісімшарт негізінде көрсетілетін әлеуметтік көмек, адамның (отбасының) жан басына шаққандағы айлық табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 60 пайызынан аспайтын, отбасының еңбекке қабілетті отбасы мүшелерінің (адамның) жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің мемлекеттік шараларына қатысуы және қажет болған жағдайда, еңбекке қабілеттілерін қоса алғанда, отбасы мүшелерінің (адамның) әлеуметтік бейімделуден өтуі шартымен, отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшартына (одан әрі әлеуметтік келісімшарт негізінде көрсетілетін әлеуметтік көмек) отырған жағдайда беріледі.
      14. Әрбір жекелеген жағдайда көрсетілетін әлеуметтік көмек мөлшерін, әлеуметтік келісімшарт негізінде көрсетілетін әлеуметтік көмектен басқасын, арнайы комиссия айқындайды және оны әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытындыда көрсетеді.
      14-1. Отбасының әрбір мүшесіне (адамға) арналған әлеуметтік келісімшарт негізінде төленетін әлеуметтік көмектің мөлшері отбасының (адамның) жан басына шаққандағы табысы мен облыстық статистика органы есептейтін ең төменгі күнкөріс деңгейінің 60 пайызы арасындағы айырма ретінде айқындалады.
      Бұл ретте, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек (бұдан әрі – МАӘК) алушыларға облыстық статистика органы есептейтін кедейлік шегі мен ең төменгі күнкөріс деңгейінің 60 пайызы арасындағы айырма ретінде айқындалады.
      Отбасының құрамы өзгерген жағдайда, сондай-ақ отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшартына отыру кезіндегі көрсетілген табыстарды ескере отырып, МАӘК төлеуді тоқтатқан жағдайда, ШАК мөлшері көрсетілген мән-жайлар орын алған кезден бастап, бірақ оны тағайындаған кезден кейін ғана қайта есептеледі. (МАӘК алушылар табыстарын растамайды. ШАК, МАӘК тағайындау үшін көрсетілген табыстарын ескере отырып тағайындалады.)

3. Әлеуметтік көмекті көрсету тәртібі

      15. Атаулы күндер мен мерекелік күндері әлеуметтік көмек алушылардан өтініш талап етілмей, зейнетақы төлеу орталығының не өзге де ұйымдардың ұсынысы бойынша, Мұғалжар аудандық әкімі бекіткен тізімі бойынша көрсетіледі.
      Азаматтардың кейбір санаттарының әр түрлі атаулы күндер мен мерекелік күндері (санатына байланысты) әлеуметтік көмек алуға құқығы болған жағдайда әлеуметтік көмектің бір түрі көрсетіледі (көлемі бойынша үлкені).
      16. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек алу үшін өтініш беруші өзінің немесе отбасының атынан уәкілетті органға немесе қаланың, ауылдық округтің әкіміне мынадай құжаттарды қоса жалғай отырып өтініш береді:
      1) жеке басын куәландыратын құжат;
      2) тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелгендігін растайтын құжат;
      3) Осы Қағидалардың 1- қосымшасына сәйкес отбасы (азаматтың) құрамы туралы мәліметтер;
      4) отбасы мүшелерінің (азаматтың) табысы туралы мәліметтер;
      5) өмірлік қиын жағдайдың туындағанын растайтын актіні және/немесе құжаттар.
      Әңгімелесу отбасының тұрмыс-жағдайын және әлеуетін бағалау үшін, сондай-ақ белсендендірудің қажетті шараларын анықтау үшін жүргізіледі.
      17. Осы Қағидалардың 8 тармағының 1) тармақшасында көрсетілген адамдарға ай сайынғы әлеуметтік көмек алушылардың өтініштері талап етілмей көрсетіледі, 8 тармағының 2) және 4) тармақшалары бойынша өтініш жасаған адамдар өтінішке қоса мынадай құжаттарды тапсырады:
      1) жеке басын куәландыратын құжат;
      2) өтініш берушінің әлеуметтік жағдайын растайтын құжат;
       3) тұрақты тұрғылықты жерi бойынша тiркелгенiн растайтын құжат;
      4) мүгедек баланы үйде оқитындығын растайтын анықтама (мүгедек балалар үшін);
      5) психолого-медико-педагогикалық кеңестің қорытындысы (мүгедек балалар үшін);
      6) жол жүру билеті;
      7) облыстық денсаулық сақтау басқармасының жолдамасы және дәрігерлік анықтама;
      8) банк операцияларының тиісті түрлеріне Қазақстан Республикасының Ұлттық Банк лицензиясы бар ұйымдардағы немесе екінші деңгейлі банктердегі шоты.
      18. Құжаттарды салыстырып тексеру үшін түпнұсқалары және көшірмелері ұсынылады, кейін құжаттардың түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.
      18-1. Әлеуметтік келісімшарт негізінде әлеуметтік көмек алу үшін жолыққан отбасына (адамға) уәкілетті орган, ауылдық округ әкімі не ассистент кеңес беру деңгейінде көмектің көрсету шарттары туралы түсінік береді және отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшартына отыруға келісім берген жағдайда азаматпен, отбасының (азаматтың) мәселесі туралы, оның өмірлік қиын жағдайдан шығу мүмкіншілігі туралы мәліметті анықтайтын әңгімелесу жүргізеді.
      Әңгімелесу жүргізу кезінде:
      үміткердің өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты немесе әлеуметтік келісімшарт негізінде әлеуметтік көмек алу құқығы;
      әлеуметтік бейімдеу бойынша көрсетілетін шаралар түрлері;
      жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің мемлекеттік шаралары айқындалады.
      Әңгімелесу нәтижелері бойынша осы Қағидаларға 1-1-қосымшаға сәйкес әңгімелесу парағы және 1-2-қосымшаға сәйкес арызданушының отбасы және материалдық жағдайы туралы анкета ресімделеді.
      19. Өмiрлiк қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтiк көмек көрсетуге өтiнiш келiп түскен кезде уәкiлеттi орган немесе ауылдық округтiң әкiмi бiр жұмыс күнi iшiнде өтiнiш берушiнiң құжаттарын адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргiзу үшiн учаскелiк комиссияға жiбередi.
      20. Учаскелiк комиссия құжаттарды алған күннен бастап екi жұмыс күнi iшiнде өтiнiш берушiге тексеру жүргiзедi, оның нәтижелерi бойынша осы Қағидаларға 2, 3-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша адамның (отбасының) материалдық жағдайы туралы актi жасайды, адамның (отбасының) әлеуметтiк көмекке мұқтаждығы туралы қорытынды дайындайды және оларды уәкiлеттi органға немесе ауылдық округ әкiмiне жiбередi.
      Ауылдық округ әкiмi учаскелiк комиссияның актiсi мен қорытындысын алған күннен бастап екi жұмыс күнi iшiнде оларды қоса берiлген құжаттармен уәкiлеттi органға жiбередi.
      21. Әлеуметтiк көмек көрсету үшiн құжаттар жетiспеген жағдайда уәкiлеттi орган әлеуметтiк көмек көрсетуге ұсынылған құжаттарды қарау үшiн қажеттi мәлiметтердi тиiстi органдардан сұратады.
      22. Өтiнiш берушiнiң қажеттi құжаттарды олардың бүлiнуiне, жоғалуына байланысты ұсынуға мүмкiндiгi болмаған жағдайда уәкiлеттi орган тиiстi мәлiметтердi қамтитын өзге уәкiлеттi органдар мен ұйымдардың деректерi негiзiнде әлеуметтiк көмек тағайындау туралы шешiм қабылдайды.
      23. Уәкiлеттi орган учаскелiк комиссиядан немесе ауылдық округ әкiмiнен құжаттар келiп түскен күннен бастап бiр жұмыс күнi iшiнде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысын есептеудi жүргiзедi және құжаттардың толық пакетiн арнайы комиссияның қарауына ұсынады.
      24. Арнайы комиссия құжаттар келiп түскен күннен бастап екi жұмыс күнi iшiнде әлеуметтiк көмек көрсету қажеттiлiгi туралы қорытынды шығарады, оң қорытынды болған кезде әлеуметтiк көмектiң мөлшерiн көрсетедi.
      25. Уәкiлеттi орган өтiнiш берушiнiң әлеуметтiк көмек алуға қажеттi құжаттарын тiркеген күннен бастап сегiз жұмыс күнi iшiнде қабылданған құжаттар мен арнайы комиссияның әлеуметтiк көмек көрсету қажеттiлiгi туралы қорытындысының негiзiнде әлеуметтiк көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешiм қабылдайды.
      Осы Қағидалардың 21 және 22 тармақтарында көрсетiлген жағдайларда уәкiлеттi орган өтiнiш берушiден немесе ауылдық округтiң әкiмiнен құжаттарды қабылдаған күннен бастап жиырма жұмыс күнi iшiнде әлеуметтiк көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешiм қабылдайды.
      25-1. Әлеуметтік келісімшарт негізінде көрсетілетін әлеуметтік көмек алуға үміткер отбасының жан басына шаққандағы орташа табысы, әлеуметтік көмек тағайындауға жүгінген айдың алдындағы 3 айдағы алынған жиынтық табысы отбасы мүшелерінің санына және үш айға бөлу арқылы есептеледі, МАӘК алушылардан басқалары, және отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты қолданылатын мерзім ішінде қайта қаралмайды.
      Бұл ретте отбасының жиынтық табысы Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2009 жылғы 28 шілдедегі № 237-ө бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2009 жылғы 28 тамызда № 5757 болып тіркелген) Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адамның (отбасының) жиынтық табысын есептеу ережесіне сәйкес есептеледі.
      26. Уәкiлеттi орган шешiм қабылдаған күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде қабылданған шешiм туралы (бас тартқан жағдайда – негiздемесiн көрсете отырып) өтiнiш берушiнi жазбаша хабардар етедi.
      27. Белгiленген негiздемелердiң бiреуi бойынша әлеуметтiк көмек күнтiзбелiк бiр жыл iшiнде қайта көрсетiлмейдi.
      27-1. Әлеуметтік келісімшарт негізінде көрсетілетін әлеуметтік көмек отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты қолданылатын мерзімге беріледі және ай сайын немесе үміткердің өтініші бойынша үш ай үшін бір мезгілде төленеді.
      Әлеуметтік келісімшарт негізінде көрсетілетін әлеуметтік көмектің біржолғы сомасы бұрынғы қарыздарды өтеуге, тұратын жылжымайтын мүлік сатып алуға, сондай-ақ сауда саласындағы қызметтерді жүзеге асыруға арналған шығындардан басқа, әлеуметтік келісімшарт бойынша міндеттерді орындауға байланысты іс-шараларға ғана, оның ішінде жеке қосалқы шаруашылықты дамытуға (үй малын, құсын және басқаларын сатып алу), жеке кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыруға қолданылуы тиіс.
      28. Әлеуметтiк көмек көрсетуден бас тарту:
      1) өтiнiш берушi ұсынған мәлiметтердiң дәйексiздiгi анықталған;
      2) өтiнiш берушi адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргiзуден бас тартқан, жалтарған;
      3) адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысы әлеуметтiк көмек көрсету үшiн Мұғалжар аудандық мәслихаты белгiлеген шектен артқан жағдайларда жүзеге асырылады.
      29. Әлеуметтiк көмек ұсынуға шығыстарды қаржыландыру ауданның бюджетiнде көзделген ағымдағы қаржы жылына арналған қаражат шегiнде жүзеге асырылады.

4. Отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшартын жасау

      30. Әлеуметтік келісімшарт негізінде әлеуметтік көмек алу құқығы айқындалғаннан кейін уәкілетті орган өтініш берушіні және (немесе) оның отбасы мүшелерін отбасыға көмектің жеке жоспарын және денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Министрінің 2015 жылғы 23 ақпандағы №88 "Отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты мен отбасыға көмектің жеке жоспары нысандарын бекіту туралы" бұйрығымен бекітілген нысандарға сәйкес отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшартын жасау үшін шақырады.
      Бұл ретте осы Қағидалардың 2 тармағында қарастырылған жағдайды және 1,2 топтағы мүгедектерді, күндізгі оқу бөлімінің оқушыларын, студенттерін, тыңдаушыларын, курсанттарын және магистранттарын қоспағанда жұмыссыздар мен өзін өзі еңбекпен қамтушылар арасынан үміткерлерді бір жұмыс күні ішінде жұмыспен қамтудың белсенді шараларына қатысу үшін жұмыспен қамту орталығына жолдайды, немесе Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңында көзделген жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылатын өзге де шараларға жолдама береді.
      31. Отбасының (азаматтың) кәсіптік және әлеуметтік бейімдеу жөніндегі, аз қамтылған азаматтардың өмір деңгейін көтеру үшін іс-шараларын қамтуды көздейтін жеке жоспар, өтініш берушімен және оның отбасы мүшелерімен бірлесіп жасалады, атап айтқанда:
      1) жұмыспен қамту орталығы және (немесе) өкілетті органның ықпалымен белсенді түрде жұмыс іздеу және олардың ұсынған жұмыс орнына жұмысқа орналасу;
      2) кәсіби даярлықтан, қайта даярлаудан, біліктілігін арттырудан өту;
      3) жеке кәсіпкерлік қызметін дамыту, жеке қосалқы щаруашылығын жүргізу;
      4) халықтың мақсатты топтарына кезеңдік скринингтік тексеруден өтуге;
      5) отбасы құрамында жүкті әйелдердің болғаны жағдайында, жүктіліктің 12 аптасына дейін әйелдер консультациясына тіркеуге тұру және жүктіліктің барлық кезеңінде бақылауда болу;
      6) әлеуметтік мәні бар аурулары (маскүнемдік, нашақорлық, туберкулез) болған жағдайда ерікті емделуге;
      7) мүгедектерді оңалту шараларын және (немесе) арнайы әлеуметтік қызметтерді уақытылы алуға;
      8) аз қамтылған отбасының (азаматтың) жеке қажеттілігіне орай уәкілетті органның шешімі бойынша анықталған басқа да кәсіби және әлеуметтік бейімдеу.
      32. Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің шараларына қатысу:
      стационарлық, амбулаторлық емделу (тиісті медициналық ұйымдардан растайтын құжаттар ұсынған кезде) кезеңінде;
      жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің мемлекеттік шараларына қатысатын негізгі үміткерден (үміткерлерден) басқа, адамдардың үш жасқа дейінгі балаға, он сегіз жасқа толмаған мүгедек балаға, бөгде адамның күтімі мен көмегіне мұқтаж бірінші және екінші топтағы мүгедектерге, сексен жастан асқан қарттарға күтім жасауды жүзеге асыру жағдайларын қоспағанда, отбасының еңбекке қабілетті мүшелері үшін міндетті шарт болып табылады.
      33. Отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты алты айға, бірақ отбасы мүшелерінің әлеуметтік бейімделуін ұзарту қажет болған және (немесе) отбасының еңбекке қабілетті мүшелері кәсіптік оқуын аяқтамаған және (немесе) жастар практикасынан өткен және (немесе) әлеуметтік жұмыс орындарында жұмыспен қамтылған жағдайда бір жылдан асырмай тағы алты айға ұзарту мүмкіндігімен жасалады.
      Отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты ұзартылған жағдайда, әлеуметтік көмектің мөлшері қайта қаралмайды.
      34. Отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты екі данада жасалады, оның біреуі өтініш берушіге тіркеу журналына қол қойғызып беріледі, екіншісі – уәкілетті органда сақталады.
      35. Отбасының белсенділігін арттыру бойынша әлеуметтік келісімшарт-тардағы міндеттердің орындалуына мониторингті келісімшартты жасаған мекеме жүргізеді.
      36. Уәкілетті орган отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарттың барлық мерзіміне сүйемелдеп отырады және жеке жоспардың орындалуын қадағалайды, сондай-ақ оның тиімділігіне бағалау жүргізеді.

5. Көрсетiлетiн әлеуметтiк көмектi тоқтату және қайтару үшiн негiздемелер

      37. Әлеуметтiк көмек:
      1) алушы қайтыс болған;
      2) алушы Мұғалжар ауданынан тыс тұрақты тұруға кеткен;
      3) алушыны мемлекеттiк медициналық-әлеуметтiк мекемелерге тұруға жiберген;
      4) алушы ұсынған мәлiметтердiң дәйексiздiгi анықталған жағдайларда;
      5) әлеуметтік келісімшарт және отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарт бойынша талаптарды бұзғанда және (немесе) орындамағанда тоқтатылады.
      Әлеуметтiк көмектi төлеу көрсетiлген жағдаяттар туындаған айдан бастап тоқтатылады.
      38. Артық төленген сомалар ерiктi немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген өзгеше тәртiппен қайтаруға жатады.

6. Қорытынды ереже

      39. Әлеуметтiк көмек көрсету мониторингi мен есепке алуды уәкiлеттi орган "Әлеуметтік көмек" автоматтандырылған ақпараттық жүйесiнiң немесе "Е-собес" автоматтандырылған ақпараттық жүйесiнiң дерекқорын пайдалана отырып жүргiзіледі.

  Мұғалжар ауданында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларына 1-қосымша

      Отбасының тіркеу нөмірі _____

Өтініш берушінің отбасы құрамы туралы мәліметтер

      ____________________________       ____________________________
(Өтініш берушінің Т.А.Ә.)             (үйінің мекенжайы, тел.)

Р/с

ЖСН
Отбасы мүшелерінің Т.А.Ә.
Өтініш берушіге туыстық қатынасы
Туған жылы
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

      Өтініш берушінің қолы ____________________ Күні ______________
      Отбасы құрамы туралы мәліметтерді растауға
       уәкілетті органның лауазымды адамының Т.А.Ә _____________________________
                                                             (қолы)

  Мұғалжар ауданында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларына 1-1-қосымша

"Өрлеу" жобасына қатысу үшін әңгімелесу парағы

      Өтініш берушінің Т.А.Ә. ___________________________________________________
Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі маманының Т.А.Ә.
__________________________________________________________________________
Отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты негізінде шартты ақшалай көмек алуға жүгінген күн_______________________________________________________________________
Отбасының (жалғыз тұратын азаматтың) сипаттамасы:________________________________________________________________________________________________________________________________________
Отбасының жұмыс істемейтін ересек мүшелерінің еңбек қызметі (жұмыс орны, лауазымы, жұмыстан шығу себептері):
      Еңбек қызметінің мүмкіндіктері (пікір):

Отбасы мүшелері
Кәсібі
Соңғы жұмыс орны, жұмыстан шығу себептері
Жалпы жұмыс өтілі
Соңғы жұмыс орнындағы жұмыс өтілі
Еңбек дағдылары мен шеберлігі
Жұмыссыздық кезеңінің ұзақтығы
Өтініш беруші
 
 
 
 
 
 
Зайыбы (жұбайы)
 
 
 
 
 
 
Басқа ересектер
 
 
 
 
 
 

      Өтініш беруші: ___________________________________________________________
Зайыбы
(жұбайы):_________________________________________________________________
Отбасының басқа да ересек мүшелері: _________________________________________
Отбасы мүшелері арасындағы қарым-қатынас_____________________________________________________________________________________________________________________________________________
Отбасындағы қиындықтар___________________________________________________
__________________________________________________________________________
Отбасының мүмкіндіктері (әлеуеті) – жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі маманының бағасы________________________________________________
____________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Проблемалар, алаңдаушылық (бүгінгі күннің қиындықтары), не кедергі келтіреді ____________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Отбасының (жалғыз тұратын азаматтың) қалауы ____________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Басқа_________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Тараптардың қолы

      Жұмыспен қамту және әлеуметтік                         Қатысушы (лар)
бағдарламалар бөлімі
      ___________________ (қолы)                         _________________ (қолы)
      ___________________ (күні)                         _________________ (күні)
      __________________________

  Мұғалжар ауданында әлеуметтіккөмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларына 1-2-қосымша

"Өрлеу" жобасына қатысуға өтініш берушінің отбасылық және материалдық жағдайы туралы сауалнама

Бір мекенжай бойынша тіркелген өтініш беруші мен отбасы мүшелері туралы мәліметтер:
Т.А.Ә.
Туған күні
Туыстық қатынасы
Негізгі қызметті
(жұмыс істеуші, жұмыс істейтін зейнеткер,
жасына байланысты зейнеткер,
мүгедек, жұмыссыз, бала күтімі бойынша демалыста, үй шаруасындағы әйел, студент, оқушы, мектеп жасына дейінгі бала)
Жұмыс істейтін адамдар үшін жұмыс орны және лауазымы, оқушылар үшін қазіргі уақыттағы оқу орны
15 жастан асқан адамдар үшін білімі (растайтын құжаты бар білімі)
 
 
Өтініш беруші
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Басқа мекенжай бойынша тіркелген отбасы мүшелері туралы мәліметтер (зайыбы/жұбайы, кәмелеттік жасқа толмаған балалары)
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

      Мектеп жасына дейінгі балалар мектепке дейінгі ұйымға бара ма ________________________________________________________________________________

Өтініш берушінің және отбасы мүшелерінің шартты ақшалай көмек алуға өтініш берген айдың алдындағы 12 айдағы табыстары туралы мәліметтер (табыстың барынша дәл санын жазыңыз). Ақпараттық жүйелерден алынған деректер шартты ақшалай көмек сомасын есептеу үшін негіз болып табылады.
Р/с

Өтініш берушінің және отбасы мүшелерінің Т.А.Ә.
Жұмыс, оқу орны (жұмыс-сыз адам тіркеу фактісін жұмыс-пен қамту мәсе-лелері жөніндегі уәкілетті орган-ның анықтама-сы негізінде растайды)
Құжаттармен расталған табыс сомасы
Өзге де мәлімделген табыстар
 
еңбек қызметінен түскен табыстар
Зейнет-ақылар, жәрдем-ақылар
кәсіпкерлікқызметтентүскентабыстар
стипен-дия
али-мент
өзге де табыс-тар
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

      * Отбасының тұрғын үй-тұрмыстық жағдайы:
      тұрғын алаңы: __________ шаршы метр; меншік нысаны: ________________________;
      ас үй, қойма және дәлізді есептемегенде бөлмелер саны _______;
      тұрғын үйдің сапасы (қалыпты жағдайда, ескі, авариялық жағдайда, жөнделмеген)      ;
                        қажеттісінің астын сызу
      үйдің материалы (кірпіш, ағаш, қаңқа-қамыстан жасалған, саман, іргетасы жоқ саман, қол астындағы материалдардан салынған, уақытша баспана, киіз үй);
                        қажеттісінің астын сызу
      тұрғын үйдің жайластырылуы (су құбыры, дәретхана, кәріз, жылу, газ, жуынатын бөлме, лифт, телефон және т.б.)
                        қажеттісінің астын сызу
      __________________________________________________________________________
      Менің отбасымның мүшелеріне меншік құқығында тиесілі жылжымайтын мүлік пен мүлік, жер учаскесін, шаруа қожалығын, жеке қосалқы шаруашылықты иеленуі туралы мәліметтер:

Мүліктің түрі
Мүліктің сипаттамасы
(саны, көлемі, үлгісі және т.б.)
Тиесілігі
 
 
 
 
 
 

      Отбасы мүшелерінің денсаулық жағдайы, мүгедектіктің, аурулардың болуы (тексеруден қашан және қайдан өтті, қандай ем қабылдайды, диспансерлік есепте тұра ма), соңғы жылдары болған операциялар немесе жарақаттар:______________________________________________________________________________________________________________________________________________________
      өтініш беруші______________________________________________
      зайыбы (жұбайы)___________________________________________
      балалар___________________________________________________
      басқа да туысқандар________________________________________
      16 жасқа дейінгі мүгедек бала (16 жасқа дейінгі мүгедек балалар) алатын арнаулы әлеуметтік қызметтер: ________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
      Отбасының материалдық жағдайына Сіздің беретін бағаңыз:
      тамақтануға да жетпейді
      тамақтануға ғана жетеді
      тамақтануға және бірінші қажеттіліктегі заттарға ғана жетеді
      балаларды киіммен, аяқ киіммен және мектеп керек-жарақтарымен қамтамасыз етуге мүмкіндік жоқ
      Өмірдегі қиын жағдайдан шығуды көздейтін қызметтің бағыттары (өтініш берушінің пікірі)
      __________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
      Сіз жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің қандай белсенді шараларына қатыса аласыз:
      бос тұрған жұмыс орындарына жұмысқа орналасу;
      іске асырылып жатқан инфрақұрылымдық жобалардың шеңберінде жұмыс орындарына орналасу;
      микрокредит беру;
      кәсіптік оқу (даярлау, қайта даярлау, біліктілікті арттыру);
      әлеуметтік жұмыс орнына жұмысқа орналасу;
      "Жастар практикасына" қатысу;
      әлеуметтік-экономикалық әлеуеті төмен елді мекендерден әлеуметтік-экономикалық әлеуеті жоғары елді мекендерге және экономикалық даму орталықтарына қоныс аударуға қатысу.
      __________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
      ___________________            ____________________       _________________
       (күні)                               (Т.А.Ә.)                   (қолы)
      ________________________

  Мұғалжар ауданында әлеуметтіккөмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларына 2-қосымша

Өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты адамның
(отбасының) мұқтаждығын айқындауға арналған тексеру
АКТІСІ

      20__ ж. "___" _______
      _____________________
(елді мекен)
      1. Өтініш берушінің Т.А.Ә. ____________________________________
2. Тұратын мекенжайы __________________________________________
_____________________________________________________________________
3. Өтініш беруші әлеуметтік көмекке өтініш берген туындаған
өмірлік қиын жағдай
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
4. Отбасы құрамы (отбасында нақты тұратындар есептеледі) ______
адам, оның ішінде:

Р/с

Т.А.Ә.
Туған күні
Өтініш берушіге туыстық қатынасы
Жұмыспен қамтылуы (жұмыс, оқуорны)
Жұмыспен қамтылмау себебі
Қоғамдық жұмыстарға қатысуы, кәсіптік даярлығы (қайтадаярлау, біліктілігін арттыру) немесе жұмыспен қамтудың белсенді шараларына қатысуы туралы мәліметтер
Өмірлік қиын жағдай
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

      Еңбекке жарамды барлығы _________________________________ адам.
      Жұмыспен қамту органдарында жұмыссыз ретінде тіркелгендері ____адам.
      Балалардың саны: ______________________________________________ жоғары және орта оқу орындарында ақылы негізде оқитындар ______адам, оқу құны жылына _____ теңге.
      Отбасында Ұлы Отан соғысына қатысушылардың, Ұлы Отан соғысы мүгедектерінің, Ұлы Отан соғысына қатысушыларына және Ұлы Отан соғысы мүгедектеріне теңестірілгендердің, зейнеткерлердің, 80 жастан асқан қарт адамдардың, әлеуметтік маңызы бар аурулары (қатерлі ісіктер, туберкулез, адамның иммунитет тапшылығы вирусы) бар адамдардың, мүгедектердің, мүгедек балалардың болуы (көрсету немесе өзге санатты қосу керек)_____________________________________________________________________
      5. Өмір сүру жағдайы (жатақхана, жалғаалынған, жекешелендірілген тұрғын үй, қызметтік тұрғын үй, тұрғын үй кооперативі, жеке тұрғын үй немесе өзгеше – көрсету керек):_____________________________________________________________________
      Тұрғын үйді ұстауға арналған шығыстар:_______________________________________
       Отбасының табысы:

Р/с

Табысы бар отбасымүшелерінің (оныңішіндеөтінішберушінің) Т.А.Ә.
Табыстүрі
Өткентоқсандағытабыссомасы (теңге)
Жеке қосалқышаруашылық (ауладағыучаске, малыжәнеқұсы), саяжайжәнежеручаскесі (жерүлесі) туралымәліметтер
тоқсанға
орта есеппенайына
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

      6. Мыналардың:
      автокөлігінің болуы (маркасы, шығарылған жылы, құқық беретін құжат, оны пайдаланғаннан түскен мәлімделген табыс) __________________________________________
________________________________________ қазіргі уақытта өздері тұрып жатқаннан бөлек өзге де тұрғын үйдің болуы (оны пайдаланғаннан түскен мәлімделген табыс) ________________________________________________________________________________
      7. Бұрын алған көмегі туралы мәліметтер (нысаны, сомасы, көзі):___________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
      8. Отбасының өзге де табыстары (нысаны, сомасы, көзі):__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
      9. Балалардың мектеп керек-жарағымен, киіммен, аяқкиіммен қамтамасыз етілуі___________________________________________________________________________
      10. Тұратын жерінің санитариялық-эпидемиологиялық жағдайы________________________________________________________________________
      Комиссия төрағасы:
      ________________________ ________________________
       Комиссия мүшелері:
       ________________________ ________________________
________________________ ________________________
________________________ ________________________
________________________ ________________________
      (қолдары)                                                       (Т.А.Ә.)
       Жасалған актімен таныстым: ____________________________________
                        Өтініш берушінің Т.А.Ә. және қолы
       Тексеру жүргізілуден бас тартамын ______________________ өтініш берушінің (немесе отбасы мүшелерінің бірінің) Т.А.Ә. және қолы, күні_____________________________________________________________________
      (өтініш беруші тексеру жүргізуден бас тартқан жағдайда толтырылады)

  Мұғалжар ауданында әлеуметтіккөмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларына 3-қосымша

Учаскелік комиссияның № ______ қорытындысы

       20__ ж. ___ ______
       Учаскелік комиссия Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларына сәйкес өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек алуға өтініш берген адамның (отбасының)
      _____________________________________________________________________
      (өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты)
      өтінішін және оған қоса берілген құжаттарды қарап, ұсынылған құжаттар және өтініш берушінің (отбасының) материалдық жағдайын тексеру нәтижелерінің негізінде
      _____________________________________________________________________
      (қажеттілігі, қажеттіліктің жоқтығы)
      адамға (отбасыға) өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек ұсыну туралы қорытынды шығарады
      Комиссия төрағасы: __________________ _______________________
Комиссия мүшелері: __________________ _______________________
                              __________________ _______________________
                              __________________ _______________________
                              __________________ _______________________
                                    (қолдары)                   (Т.А.Ә.)
      Қорытынды
      Қоса берілген құжаттармен ___ данада
      20__ ж. "___" ___________ қабылданды
       Құжаттарды қабылдаған кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің немесе уәкілетті орган қызметкерінің Т.А.Ә., лауазымы, қолы __________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады