"Мұғалжар ауданында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы" Мұғалжар аудандық мәслихатының 2015 жылғы 10 маусымдағы № 234 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Мұғалжар аудандық мәслихатының 2016 жылғы 15 ақпандағы № 281 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 18 наурызда № 4805 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Мұғалжар аудандық мәслихатының 2016 жылғы 12 сәуірдегі № 14 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Мұғалжар аудандық мәслихатының 12.04.2016 № 14 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95-IV Бюджет кодексінің 56 бабының 1 тармағының 4) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес, Мұғалжар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Мұғалжар аудандық мәслихатының 2015 жылғы 10 маусымдағы № 234 "Мұғалжар ауданында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4407 болып тіркелген, 2015 жылдың 16 шілдесінде аудандық "Мұғалжар" газетінің №28 санында жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген шешіммен бекітілген, Мұғалжар ауданында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларында:
      8 тармақта:
      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "2) үйде оқитын мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету үшін олардың ата-аналарына немесе заңды өкілдеріне, білім беру кезеңіне, бір мүгедек балаға айына 2 (екі) айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде;";
      мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
      "5) аз қамтылған отбасыларға, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алатындарға және 18 жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақы алатындарға бір айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.".
      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жаряланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таралады.
      Сессия төрағасы,
      мәслихат хатшысы С.Салықбаев
      __________________ А.Амиргалиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады