Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін- өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабына сәйкес және Темір аудандық аумақтық аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2015 жылғы 10 тамыздағы № 14-01/151 ұсынысы негізінде Саркөл ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ұсақ мүйізді малдарының арасында бруцеллез ауруының анықталуына байланысты Саркөл ауылдық округінің Құмсай ауылы аумағында шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Саркөл ауылдық округінің әкімі | К. Шалманов |