"Атаулы күндер мен мерекелік күндерге біржолғы әлеуметтік көмектің мөлшерін белгілеу туралы" аудандық мәслихаттың 2014 жылғы 24 ақпандағы № 162 шешіміне толықтырулар енгізу туралы

Мерзімі біткен

Ақтөбе облысы Хромтау аудандық мәслихатының 2015 жылғы 06 тамыздағы № 265 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 01 қыркүйекте № 4498 болып тіркелді. 2016 жылдың 1 қаңтарына дейін қолданыста болды

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес, Хромтау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. "Атаулы күндер мен мерекелік күндерге біржолғы әлеуметтік көмектің мөлшерін белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3822 болып тіркелген, 2014 жылдың 27 наурызында аудандық "Хромтау" газетінде жарияланған) аудандық мәслихаттың 2014 жылғы 24 ақпандағы № 162 шешіміне келесідей толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген шешімнің қосымшасы келесі мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
      "Ай сайынғы әлеуметтік көмек табыстарын есепке алмай көрсетіледі:
      Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне коммуналдық қызметтерге 8 мың теңге мөлшерінде;
      Үйде оқитын мүгедек балалардың ата-аналарына немесе заңды өкілдеріне бір мүгедек балаға 1 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде.".
      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Аудандық мәслихаттың
Аудандық мәслихат
сессия төрағасы
хатшысы
А.Жұбанышев
Д.Молдашев

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады