1. Тасөткел ауылдық округі әкімінің "Тасөткел селолық округіне қарасты елді мекендерге көше атауларын беру туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-12-83 тіркелген, 2009 жылғы 12 ақпанда аудандық "Хромтау" газетінде жарияланған) 2009 жылғы 6 ақпандағы № 1 шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің мемлекеттік тілдегі деректемелері, атауы және бүкіл мәтіні бойынша "селолық" сөзі тиісінше, "ауылдық" сөзімен ауыстырылсын.
мемлекеттік тілдегі шешімнің кіріспе бөлігіндегі ", Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 21 қаңтардағы № 45 қаулысымен мақұлданған Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік ономастикалық жұмыс Тұжырымдамасының 3.2. тармағына және Ақтөбе облысы әкімінің 2007 жылғы 24 шілдедегі N 255 "Мекенжай Тіркеліміне тіркеу туралы тәртібі және мекенжай құрылымы жөніндегі Ереже бекіту туралы" қаулысына" сөздері алынып тасталсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Тасөткел ауылдық округінің әкімі | Б.Байсейітов |