Тасөткел ауылдық округіне қарасты елді мекендерге көше атауын беру туралы

Жаңартылған

Ақтөбе облысы Хромтау ауданы Тасөткел селолық округі әкімінің 2009 жылғы 6 ақпандағы N 1 шешімі. Ақтөбе облысының Хромтау аудандық әділет басқармасында 2009 жылдың 11 ақпанда N 3-12-83 тіркелді

      Ескерту. Мемлекеттік тілдегі деректемелері, атауы және бүкіл мәтіні бойынша "селолық" сөзі тиісінше, "ауылдық" сөзімен ауыстырылды - Ақтөбе облысы Хромтау ауданы Тасөткел ауылдық округінің әкімінің 27.04.2015 № 2 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабына сәйкес және тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып, Тасөткел ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      Ескерту. Кіріспеге жаңа редакцияда - Ақтөбе облысы Хромтау ауданы Тасөткел ауылдық округінің әкімінің 28.11.2017 № 10 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      1. Тасөткел ауылдық округіне қарасты төмендегі елді мекендердегі атауы жоқ көшелерге көше атаулары берілсін.

      1) Тасөткел елді мекеніне:

      "Сай" көшесі;

      "Орталық" көшесі;

      "Қыр" көшесі;

      "Қазақ ауылы" көшесі;

      1) Ақбұлақ елді мекеніне:

      "Бұлақ" көшесі;

      "Мектеп" көшесі;

      1) Ақтасты елді мекеніне:

      "Бақсайыс" көшесі;

      "Ащы" көшесі;

      2. Осы шешім Әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Тасөткел ауылдық округінің әкімі: Б.Байсейітов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады