"Шалқар ауданы Шалқар селолық округі әкімінің 2009 жылғы 16 наурыздағы № 5 "Көшелерге атау беру туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2015 жылғы 21 қаңтардағы № 1 шешіміне толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Шалқар ауылдық округінің әкімінің 2015 жылғы 19 сәуірдегі № 3 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 12 мамырда № 4324 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңы 35, 37 бабтарына сәйкес, Шалқар ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. "Шалқар ауданы Шалқар ауылдық округі әкімінің 2009 жылғы 16 наурыздағы № 5 "Көшелерге атау беру туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4198 санымен тіркелген, 2015 жылдың 16 ақпанында аудандық "Шалқар" газетінде жарияланған) 2015 жылғы 21 қаңтардағы № 1 шешіміне келесідей толықтыру енгізілсін:
      1 тармақтың екінші абзацындағы "шешімнің" сөзінің алдына "мемлекеттік тіліндегі" сөздерімен толықтырылсын.
      2. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Шалқар ауылдық округінің әкімі Н. Бисеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады