Біршоғыр селолық округі әкімінің 2009 жылғы 18 мамырдағы № 3 "Көшелерге атау беру туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңартылған

Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Біршоғыр ауылдық округі әкімінің 2015 жылғы 5 қаңтардағы № 1 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 13 ақпанда № 4197 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына және Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 3 шілдедегі "Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына және Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әртүрлі заңнамалық актілердің құқық нормалары арасындағы қайшылықтарды, олқылықтарды, коллизияларды және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін нормаларды жою мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Конституциялық Заңына сәйкес Біршоғыр ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Біршоғыр селолық округі әкімінің 2009 жылғы 18 мамырдағы № 3 "Көшелерге атау беру туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-13-112 болып тіркелген, 2009 жылдың17 маусымдағы "Шалқар" аудандық газетінде жарияланған) шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген мемлекеттік тіліндегі шешімнің кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын:
      "Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабына сәйкес және Біршоғыр ауылдық округі Біршоғыр ауылы халқының пікірін ескере отырып, Шалқар ауданы Біршоғыр ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ";
      шешімнің бүкіл мәтіні бойынша "селолық" сөзі "ауылдық" сөзімен ауыстырылсын.
      Ескерту. 1 тармаққа өзгерістер енгізілді – Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Біршоғыр ауылдық округі әкімінің 14.04.2015 № 17 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 
 

      Біршоғыр ауылдық округінің
      әкімі:

Т.С. Назаров.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады