"Біршоғыр селолық округі әкімінің 2009 жылғы 18 мамырдағы № 3 "Көшелерге атау беру туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2015 жылғы 5 қаңтардағы № 1 шешіміне өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Біршоғыр ауылдық округі әкімінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 17 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 13 мамырда № 4328 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына сәйкес, Біршоғыр ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. 2015 жылғы 5 қаңтардағы № 1 "Біршоғыр селолық округі әкімінің 2009 жылғы 18 мамырдағы № 3 "Көшелерге атау беру туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4197 санымен тіркелген, 2015 жылдың 26 ақпанда "Шалқар" аудандық газетінде жарияланған) шешіміне келесідей өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген шешімнің орыс тіліндегі атауында "изменения" сөзі "изменений" сөзімен ауыстырылсын;
      шешімнің 1 тармағының екінші абзацындағы "шешімнің" сөзінің алдына "мемлекеттік тіліндегі" сөздерімен толықтырылсын.
      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Біршоғыр ауылдық округінің әкімі Т. Назаров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады