Балқаш ауданы бойынша пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Балқаш аудандық мәслихатының 2015 жылғы 05 қазандағы № 47-204 шешімі. Алматы облысы Әділет департаментінде 2015 жылы 11 қарашада № 3541 болып тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Балқаш аудандық мәслихатының 2024 жылғы 18 қаңтардағы № 16-57 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Балқаш аудандық мәслихатының 18.01.2024 № 16-57 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 387-бабының 1-1 тармағына, 444-бабының 1-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес, Балқаш аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Балқаш ауданы бойынша Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелері он есеге жоғарылатылсын.
      2. "Балқаш ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысына (келісім бойынша Ғ. Нарбаев) осы шешімді әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған интернет-ресурста және аудандық мәслихаттың интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Балқаш аудандық мәслихаттың "Агроөнеркәсіп, шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту, тұрғын үй, жол құрылысы жөніндегі" тұрақты комиссиясына жүктелсін.
      4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күн тізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Мәслихат сессиясының төрайымы Ғ. Әбдіқұлов
      Мәслихат хатшысы М. Қамаубаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады