Жамбыл ауданының коммуналдық мүлікті жалға алуға(жалдауға) беру кезінде жалдау ақысының мөлшермесін есептеутәртібін айқындау туралы

Жаңа

Жамбыл облысы Жамбыл ауданының әкімдігінің 2015 жылғы 27 қаңтардағы № 25 қаулысы. Жамбыл облысының Әділет Департаментінде 2015 жылғы 6 наурызда № 2554 болып тіркелген

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 шілдедегі Азаматтық Кодексіне (ерекше бөлім), "Жеке кәсiпкерлiк туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 31 қаңтардағы Заңына, "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңына және "Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 13 ақпандағы № 88 Қаулысымен бекітілген Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалға алуға (жалдауға) беру қағидаларының 50 тармағына сәйкес Жамбыл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған аудандық коммуналдық мүлік объектілерін мүліктік жалға алуға (жалдауға) беру кезінде жалдау ақысының мөлшерлемесін есептеу тәртібі айқындалсын.
      2. "Жамбыл ауданы әкімдігінің қаржы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін және оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С. Қабылбековке жүктелсін.
      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

       Жамбыл ауданының әкімі Р. Дәулет

  Жамбыл ауданы әкiмдiгiнiң 2015 жылғы "27" қаңтардағы
  № 25 қаулысына қосымша

Жамбыл ауданының коммуналдық мүлкін жалға алуға (жалдауға) беру кезінде жалдау ақысының мөлшерлемесін есептеу тәртібі

      1. Осы есептеу тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 13 ақпандағы № 88 қаулысымен бекітілген мемлекеттік мүлікті мүліктік жалға алуға (жалдауға) беру қағидаларының 50-тармағына сәйкес әзірленген және қалалық коммуналдық мүлік объектілерін мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде жалдау ақысының мөлшерлемесін есептеу тәртібін айқындайды.
      2. Аудандық коммуналдық мүлік объектілерін (тұрғын емес қорын) мүліктік жалға алуға (жалдауға) беру кезінде жылдық жалдау ақысы мөлшерлемесінің есептеуі келесі формула бойынша есептеледі:
      Ап = Бс х S х Кт х Кк х Кск х Кр х Квд х Копф,
      мұнда:
      Ап – жылына аудандық коммуналдық заңды тұлғалардың баланстағы мемлекеттік тұрғын емес қордың нысандарын жалға алу ақысының мөлшерлемесі;
Бс – 1 шаршы метрге жалға алу базалық мөлшерлемесі Жамбыл ауданы аумағында Қазақстан Республикасының тиісті жылға республикалық бюджеті туралы заңымен белгіленген жылына 2 айлық есептік көрсеткіш;
      S – жалға алынатын алаң, шаршы метр;
      Кт – құрылыс үлгісін ескеретін коэффициент;
      Кк – тұрғын емес үй-жайдың түрін ескеретін коэффициент;
      Кск – қолайлылық дәрежесін ескеретін коэффициент;
      Кр – аумақтық орналасуын ескеретін коэффициент;
      Квд – жалдаушының қызмет түрін ескеретін коэффициент;
      Копф – жалдаушының ұйымдастыру-құқықтық нысанын ескеретін коэффициент.
      Аудандық коммуналдық мүліктің теңгерім ұстаушысы жалдаушымен алып отырған үй-жайлар өлшемдерінің үй-жайлардың өлшемдеріне сәйкес
      болуын қамтамасыз етеді.
      3. Аудандық коммуналдық мүлік объектілері үшін жалға алу ақысының мөлшерлемесін есептеу кезінде қолданылатын коэффициенттер:


Коэффициенттер түрі
Коэффициент көлемі
1.
Құрылым түрін ескеретін коэффициент (Кт.):
 
1.1. кеңсе
1,0
1.2. өндірістік
0,8
1.3. қойма, қазандық
0,6
2.
Тұрғын емес үй жай түрін ескеретін коэффициент (Кк)
 
2.1. жеке тұрған құрылым
1,0
2.2. жапсара-қоса салынған бөлік
0,9
2.3. цокольдық (жартылай жертөле) бөлігі
0,7
2.4. жертөле бөлігі
0,6
3.
Қолайлылық дәрежесін ескеретін коэффициент (Кск)
 
3.1.техникалық-инженерлік құрылғылармен толық қамтамасыз етілген жағдайда (орталық жылу жүйесі, жылы су, су құбырлары, кәріздер мен электр қуаты)
1,0
3.2. аталған қызмет түрлерінің біреуі болмаған жағдайда
0,9
3.3. аталған қызметердің ешқайсысы болмаған жағдайда
0,7
4.
Аумақтық орналасуын ескеретін коэффициент (К.р.)
 
4.1. аудан орталығы үшін:
1,0
4.2. кент, ауыл
0,8
5.
 
 
 
Жалдаушының қызмет түрін ескеретін коэффициент (Кв.д.)
 
5.1 Банктердің есеп айырысу-кассалық орталықтары, халыққа қызмет көрсету үшін "Казпошта" акционерлік қоғамына және ұялы байланыс операторлары үшін (антенналар)
3,5
5.2 қызметі бағалы қағаздар нарығы, сақтандыру, инвестициялық компаниялар, нотариалды кеңселер, адвокат кеңселерімен байланысты делдалдық қызмет және кеден қызметтерін көрсету, айырбастау пунктері және ұйымдар үшін
3,0
5.3 қоғамдық тамақтандыру, сауда, қонақүй қызметтерін ұйымдастыру үшін
шектеулі қолжетімділікпен мемлекеттік мекемелердің ғимараттарында қызметкерлердің тамақтандырылуын ұйымдастыру үшін
мектепте тамақтандыруды ұйымдастыру үшін
2,5


1,2
0,5
5.4 келесі саладағы қызметтері ұйымдастыру үшін:
ғылым мен жоғары білім беру
орта денгейдегі білім беру
мектепке дейінгі білім беру
5.5 денсаулық сақтау, мәдениет, спорт және баспасқөз ақпарат құралдары саласындағы қызметтерді ұйымдастыру үшін
5.6 өзгелер үшін
1,0
0,5
0,5

1,0
2,0
6.
Жалдаушының ұйымдастыру-құқықтық нысанын ескеретін коэффициент (Копф)
 
6.1 коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындар, қайырымдылық және қоғамдық ұйымдар, коммерциялық емес ұйымдар үшін
0,5
6.2 өндірістік қызметті ұйымдастыру және сату-сатып алу (делдалдық қызмет) есептемегенде халыққа қызмет көрсету саласын дамыту үшін (делдалдық қызмет) шағын кәсіпкерлік субъектілер үшін
0,9
6.3 мемлекетке тиесілі және бюджеттік ағдарламаларды орындаудан түскен 90 пайыздан кем емес табыс алатын акцияларының елу және одан көп проценті (қатысу үлесі) немесе акцияларының бақылау пакеті акционерлік қоғамдар үшін (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер)
1,0
6.4 өзгелер үшін
1,0

      4. Жабдықтар мен автокөлік құралдарын және басқа да тұтынылмайтын заттарды мүліктік жалға алуға (жалдауға) беру кезінде жалдау ақысының есеп айырысуы мына формула бойынша жүзеге асырылады:
      Аn = С х Nam/100 x Кn
      мұнда:
      Аn –жабдықтар мен көлік құралдары үшін бір жылға жалдау ақысы;
      С – бухгалтерлік есеп деректері бойынша жабдықтардың қалдық құны;
      100 пайыз тозуы есепке алынған жабдықтарды, көлік құралдары және басқа да тұтынылмайтын заттарды мүліктік жалға алуға (жалдауға) беру кезінде қалдық құны бастапқы (қалпына келтірген) құнынан 10 пайыз мөлшерінде қабылданады.
      Nam – "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2008 жылғы 10 желтоқсанындағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 120-бабына сәйкес амортизацияның шекті нормалары;
      Кn – төмендету коэффициенті (жабдықтар мен көлік құралдары алпыс пайыздан аса тозу кезінде қолданылады) – 0,8 мөлшерінде, сауда-сатып алу (делдалдық) қызметтерді қоспағанда өндірістік қызметті ұйымдастыру және халыққа қызмет көрсету саласын дамыту үшін шағын кәсіпкерлік субъектілеріне беру кезінде – 0,5 мөлшерінде).
      Мемлекеттік мекемелерге жабдықтар мен көлік құралдарын беру кезінде – 0,0 мөлшерінде.
      5.Мүліктік жалдау бойынша 1 шаршы метрге сағатына төлеу мөлшерлемесі айына жұмыс күндерінің және тәуліктегі жұмыс сағаттарының санына мүліктік жалдау бойынша ай сайынғы төлем мөлшерлемесін математикалық бөлу жолымен анықталады.
      С. м. 1 ш. м. = С: 22:8 х Н.к х Н.с. (ай сайынғы құны: 22:8 х нақты күндері х нақты сағаттары), мұнда:
      С. м. 1 ш. м. – сағатына 1 ш. м. төлемі бойынша мөлшерлеме
      С – жалдау ақысының ай сайынғы мөлшерлемесі
      22 – 1 айдағы жұмыс күндерінің саны
      8 – күніне жұмыс сағаттарының саны
      Н. к. – нақты жұмыс істеген күндер
      Н. с. – нақты жұмыс істеген сағаттар
      Сағатына 1 шаршы метрге мүліктік жалдау бойынша төлем мөлшерлемесі өтініш берушінің жұмыс кестесін ұсынуына сәйкес мүлік толық емес күнге жалға берілген жағдайларда (спорттық, акт және көрме залдары, оқу аудиториялары) қолданылады.
      Білім беру мекемелеріндегі үй жайларды мүліктік жалға (жалдауға) ұсынылған жалдау ақысының есебі оқу жылына жүргізіледі (тиісті жылдың 1 қыркүйегінен бастап 31 мамыры аралығында).
      Біржолғы іс-шараларды жүргізу кезінде жалдау ақысының есебін шаршы метр жалдайтын алаңға 100,0 теңгеге көбейту жолымен жүргізсін.
      Мүмкіндігі шектеулі жеке кәсіпкерлерге, сондай-ақ 50% және одан аса мүмкіндігі шектеулі жұмыскерлері бар ұйымдарға, есептеген жалдау ақысы 50% азайтылып белгіленсін.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады