Көксу ауданы бойынша бірыңғай тіркелген салық мөлшерлемелерін белгілеу туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Көксу аудандық мәслихатының 2015 жылғы 04 қыркүйектегі № 45-4 шешімі. Алматы облысы Әділет департаментінде 2015 жылы 08 қазанда № 3474 болып тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Көксу аудандық мәслихатының 2018 жылғы 05 наурыздағы № 27-3 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Көксу аудандық мәслихатының 05.03.2018 № 27-3 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 422- бабының 2-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Көксу ауданы мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес қызметін Көксу ауданы аумағында жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін бекітілген базалық мөлшерлемелер шегінде бірыңғай тіркелген салық мөлшерлемелері белгіленсін.
      2. "Көксу ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысы Бекмұхамбет Оразтай Нұратайұлына осы шешімді әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған интернет-ресурста және аудандық мәслихаттың интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың "Ауданның экономикалық дамуы, жергілікті бюджет, табиғатты қорғау және ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі" тұрақты комиссиясына жүктелсін.
      4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан мәслихаты
      сессиясының төрағасы Н. Сәрсеқұлов
      Аудан мәслихаты
      хатшысының м. а. М. Тастанов

  Көксу ауданы мәслихатының 2015 жылғы "4" қыркүйектегі "Көксу ауданы бойынша бірыңғай тіркелген салық мөлшерлемелерін белгілеу туралы" № 45-4 шешіміне қосымша

Қызметін Көксу ауданы аумағында жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін бірыңғай тіркелген салық мөлшерлемелері

Рет №

Салық салу объектісінің атауы

Бірыңғай тіркелген салық
мөлшерлемелерінің мөлшері
(айлық есептік көрсеткіш)

1

2

3

1

Бір ойыншымен ойын өткізуге арналған, ұтыссыз ойын автоматы

1

2

Біреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы

1

3

Ойын өткізу үшін пайдаланылатын дербес компьютер

1

4

Ойын жолы

5

5

Карт

2

6

Бильярд үстелі

3


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады