Ескерту. Күші жойылды – Алматы облысы Панфилов аудандық мәслихатының 17.05.2018 № 6-36-224 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 422-бабының 2-тармағына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Панфилов аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес қызметін Панфилов ауданы аумағында жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін бекітілген базалық мөлшерлемелер шегінде бірыңғай тіркелген салық мөлшерлемелері белгіленсін.
2. Аудандық мәслихат аппаратының бас маманы Нұралинова Күлбан Нұртайқызына осы шешімді әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған интернет-ресурста және аудандық мәслихаттың интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Панфилов аудандық мәслихатының "Аграрлық мәселелері, бюджет, экономика, кәсіпкерлік, өндіріс, автокөлік жолдары және құрылыс жөніндегі" тұрақты комиссиясына жүктелсін.
4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | М. Оңласынов |
Мәслихаттың хатшысы | Т. Оспанов |
Панфилов аудандық мәслихатының 2015 жылғы "4" қыркүйектегі "Панфилов ауданы бойынша бірыңғай тіркелген салық мөлшерлемелерін белгілеу туралы" № 5-53-361 шешіміне қосымша |
Қызметін Панфилов ауданы аумағында жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін айына салық салу объектісінің бірлігіне бірыңғай тіркелген салық мөлшерлемелері
Рет. № | Салық салу объектісінің атауы | Бірыңғай тіркелген салық мөлшерлемелерінің мөлшері (айлық есептік көрсеткіші) |
1 | 2 | 3 |
1. |
Бір ойыншымен ойын өткізуге арналған, ұтыссыз ойын автоматы | 5 |
2. |
Біреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы | 7 |
3. |
Ойын өткізу үшін пайдаланылатын дербес компьютер | 2 |
4. |
Ойын жолы | 45 |
5. |
Карт | 8 |
6. |
Бильярд үстелі | 9 |