Ескерту. Күші жойылды – Қарағанды облысы әкімдігінің 13.03.2018 № 10/01 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілсін).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 1998 жылғы 24 наурыздағы "Нормативтiк құқықтық актiлер туралы" Заңдарына сәйкес, Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 25 тамыздағы № 898 "Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару деңгейлері арасында өкілеттіктердің аражігін ажырату жөніндегі шаралар туралы" Жарлығына сәйкес Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған "Қарағанды облысының кәсіпкерлік басқармасы" мемлекеттік мекемесінің Ережесі бекітілсін.2. "Қарағанды облысының кәсіпкерлік басқармасы" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
3. "Қарағанды облысының кәсіпкерлік басқармасы" мемлекеттік мекемесінің Ережесін және құрылымын бекіту туралы" Қарағанды облысы әкімдігінің 2013 жылғы 29 шілдедегі № 48/01 қаулысы жойылсын.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік жасайтын орынбасарына жүктелсін.
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облысы әкімі | Н. Әбдібеков |
Қарағанды облысы әкімдігінің 2015 жылғы 20 сәуірдегі № 17/02 қаулысымен бекітілген |
"Қарағанды облысының кәсіпкерлік басқармасы" мемлекеттік мекемесінің Ережесі
1. Жалпы ережелер
1. "Қарағанды облысының кәсіпкерлік басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қарағанды облысында кәсіпкерлік, сауда, сыртқы экономикалық байланыстар және туризм саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. "Қарағанды облысының кәсіпкерлік басқармасы" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. "Қарағанды облысының кәсіпкерлік басқармасы" мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
4. "Қарағанды облысының кәсіпкерлік басқармасы" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
5. "Қарағанды облысының кәсіпкерлік басқармасы" мемлекеттік мекемесі, егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттілік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
6. "Қарағанды облысының кәсіпкерлік басқармасы" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Қарағанды облысының кәсіпкерлік басқармасы" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
7. "Қарағанды облысының кәсіпкерлік басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 100008, Қазақстан Республикасы, Қарағанды облысы, Қарағанды қаласы, Әлиханов көшесі, 13.
9. Мемлекеттік органның толық атауы:
мемлекеттік тілде: "Қарағанды облысының кәсіпкерлік басқармасы" мемлекеттік мекемесі;
орыс тілінде: государственное учреждение "Управление предпринимательства Карагандинской области".
10. Осы Ереже "Қарағанды облысының кәсіпкерлік басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.11. "Қарағанды облысының кәсіпкерлік басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қызметін каржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
12. "Қарағанды облысының кәсіпкерлік басқармасы" мемлекеттік мекемесіне "Қарағанды облысының кәсіпкерлік басқармасы" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында кәсіпкерлік субъектілерімен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер "Қарағанды облысының кәсіпкерлік басқармасы" мемлекеттік мекемесіне заңамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджет кірісіне жіберіледі.
2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
13. Миссиясы: "Қарағанды облысының кәсіпкерлік басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қарағанды облысында кәсіпкерлік, сауда, сыртқы экономикалық байланыстар және туризм саласында мемлекеттік басқару функцияларын орындауға уәкілетті мемлекеттік орган болып табылады. Қарағанды облысында шағын, орта кәсіпкерлікті кәсіпкерлік саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жолымен қолдау және дамыту.
14. Міндеттері:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жеке кәсіпкерлікті дамыту және қолдау бойынша мемлекеттік саясатты жүзеге асыру;
2) ішкі және сыртқы сауданы дамыту;
3) Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағдарламаларын жүзеге асыру;
4) шағын және орта кәсіпкерліктің дамуын қолдау.
15. Функциялары:
1) жеке кәсіпкерлікті дамыту үшін жағдайлар жасау;
2) жергілікті атқарушы органдардың жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерімен, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен өзара қарым-қатынасын дамыту стратегиясын анықтайды;
3) жеке кәсіпкерлікті жергілікті деңгейде мемлекеттік қолдауды қамтамасыз етеді;
4) сарапшылар кеңесі қызметін ұйымдастырады;
5) мемлекеттік сауда саясатын жүргізуді қамтамасыз етеді;
6) сауда және тамақтануды қамтамасыз ету бөлігінде азаматтық қорғау мен төтенше жағдайлар бойынша қызметтер жұмысын ұйымдастырады;
7) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 5 ақпандағы № 131 "Сауда рыноктарының қызметін ұйымдастыру ережесін бекіту туралы" қаулысымен бекітілген Сауда рыноктарының қызметін ұйымдастыру ережесінің талаптарына сәйкес сауда саласындағы базарларға санаттар беру;
8) өз құзыреті шегінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына рұқсат етілетін бөлшекті бағалар шегінің көлемі сақталуы үшін мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
9) туристік қызмет нарығын талдайды және уәкілетті органға тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында туризмді дамыту туралы қажетті мәліметтер ұсынады;
10) туристік ақпаратты, оның ішінде туристік әлеуеті, туризм нысандары және туристік қызметтерді жүзеге асыратын тұлғалар туралы ақпарат ұсынады;
11) Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасына сәйкес туристік операторлық қызметке (туроператорлық қызмет) лицензиялар беруді жүзеге асырады;
12) туристік саланы дамыту жөніндегі іс-шаралар жоспарын уәкілетті органның келісімі бойынша бекітеді;
13) туристік бағыттар мен соқпақ жолдардың мемлекеттік тізілімін жүргізеді;
14) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге де өкілдіктерді жүзеге асырады.
16. Құқықтары және міндеттері:
1) "Қарағанды облысының кәсіпкерлік басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құзыретіне енетін мәселелер бойынша аудандық (облыстық маңызы бар қалалар) әкімдіктерінің жұмысын үйлестіру;
2) "Қарағанды облысының кәсіпкерлік басқармасы" мемлекеттік мекемесіне Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен жүктелген өзге өкілеттіктерді іске асыру.
3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру
17. "Қарағанды облысының кәсіпкерлік басқармасы" мемлекеттік мекемесіне басшылықты "Қарағанды облысының кәсіпкерлік басқармасы" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
18. "Қарағанды облысының кәсіпкерлік басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын облыс әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
19. "Қарағанды облысының кәсіпкерлік басқармасы" мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасары болады.
20. "Қарағанды облысының кәсіпкерлік басқармасы" мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының өкілеттігі:
1) өз орынбасарының және құрылымдық бөлімшелердің міндеттері мен өкілеттіктерін белгілейді;
2) заңнамаға сәйкес қызметкерлерін лауазымға тағайындайды және босатады;
3) заңнамамен белгіленген тәртіпте қызметкерлеріне тәртіптік жаза белгілейді және марапаттайды;
4) құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерді бекітеді;
5) "Қарағанды облысының кәсіпкерлік басқармасы" мемлекеттік мекемесі атынан мемлекеттік органдарда және басқа ұйымдарда өкілдік етеді;
6) облыс әкімінің және әкімдігінің тапсырмаларына және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіліктерді жүзеге асырады.
21. "Қарағанды облысының кәсіпкерлік басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
22. Бірінші басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.
4. Мемлекеттік органның мүлкі
23. "Қарағанды облысының кәсіпкерлік басқармасы" мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
24. "Қарағанды облысының кәсіпкерлік басқармасы" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді коса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
25. "Қарағанды облысының кәсіпкерлік басқармасы" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
26. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Қарағанды облысының кәсіпкерлік басқармасы" мемлекеттік мекемесі, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
27. "Қарағанды облысының кәсіпкерлік басқармасы" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.