"Қарағанды қаласы Қазыбек би атындағы аудан әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қарағанды қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 11 ақпандағы № 05/09 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 23 ақпанда № 2992 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 11 қаңтардағы № 01/02 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды қаласы әкімдігінің 11.01.2017 № 01/02 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      РҚАО ескертпесі.
       Құжаттың мәтінінде тұпнүсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
       Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 38, 39 бабтарына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 25 тамыздағы "Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару деңгейлері арасында өкілеттіктердің аражігін ажырату жөніндегі шаралар туралы" № 898 Жарлығына, Қарағанды қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 4 ақпандағы "Қарағанды қаласының атқарушы органдарының құрылымы және штат санының лимиттері туралы" № 04/05 қаулысына сәйкес, Қарағанды қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса ұсынылған "Қарағанды қаласы Қазыбек би атындағы аудан әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің Ережесі (бұдан әрі - Ереже) бекітілсін.
      2. "Қарағанды қаласы Қазыбек би атындағы аудан әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің құрылымын бекіту туралы" Қарағанды қаласы әкімдігінің 2013 жылғы 24 шілдедегі № 36/77, "Қарағанды қаласы Қазыбек би атындағы аудан әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" Қарағанды қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 29 желтоқсандағы № 15/78 қаулылары жойылсын.
      3. "Қарағанды қаласы Қазыбек би атындағы аудан әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі (Т.Н. Шатохина) Ережені Қарағанды облысының Әділет департаментінде тіркеуді қамтамасыз етсін.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қарағанды қаласы әкімі аппаратының басшысы А.И. Оспановқа жүктелсін.
      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қала әкімі
Н .Әубәкіров

      

 
Қарағанды қаласы әкімдігінің
2015 жылғы 11 ақпандағы
№ 05/09 қаулысымен
БЕКІТІЛДІ

"Қарағанды қаласы Қазыбек би атындағы аудан әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің
Ережесі
1. Жалпы ережелер

      1. "Қарағанды қаласы Қазыбек би атындағы аудан әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қарағанды қаласы Қазыбек би атындағы аудан әкімінің ақпараттық-аналитикалық, ұйымдық-құқықтық және материалды-техникалық қамсыздандыру қызметтерін қамтамасыз етуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган болып табылады.
      2. "Қарағанды қаласы Қазыбек би атындағы аудан әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі өзінің қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы және заңдарымен, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілерге, Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілеріге, сондай-ақ осы Ережемен сәйкес жүзеге асырады.
      3. "Қарағанды қаласы Қазыбек би атындағы аудан әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысандағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өзінің атауы жазылған мөрі және мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының қазынашылық органдарында шоттары болады.
      4. "Қарағанды қаласы Қазыбек би атындағы аудан әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      5. "Қарағанды қаласы Қазыбек би атындағы аудан әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі, егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, азаматтық-құқықтық қатынастырдың тарапы болуға құқығы бар.
      6. "Қарағанды қаласы Қазыбек би атындағы аудан әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі орнатылған тәртіпте өзінің құзыреті мәселелері бойынша шешімдерді, Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған, актілермен ресімдеумен қабылдайды.
      7. "Қарағанды қаласы Қазыбек би атындағы аудан әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штаттық санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
      8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: индекс 100012, Қарағанды қаласы, Гоголь көшесі, № 34 үй.
      9. Мемлекеттік мекеменің толық атауы:
      мемлекеттік тілде: "Қарағанды қаласы Қазыбек би атындағы аудан әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі;
      орыс тілінде: государственное учреждение "Аппарат акима района имени Казыбек би города Караганды".
      10. Осы Ереже "Қарағанды қаласы Қазыбек би атындағы аудан әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің құрылтайшы құжаты болып табылады.
      11. "Қарағанды қаласы Қазыбек би атындағы аудан әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
      12. "Қарағанды қаласы Қазыбек би атындағы аудан әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне "Қарағанды қаласы Қазыбек би атындағы аудан әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің функцияларына жататын міндеттерді орындауға кәсіпкерлер субъектілерімен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер "Қарағанды қаласы Қазыбек би атындағы аудан әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілерімен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыруға құқық берілген болса, онда осы қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджет кірісіне жіберіледі.

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары және міндеттері

      13. "Қарағанды қаласы Қазыбек би атындағы аудан әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің миссиясы: Қазақстан Республикасың қолданыстағы заңнамасына сәйкес мемлекеттік басқару саласында мемлекеттік саясатты жүргізу.
      14. Міндеттері:
      1) әкімнің ақпараттық-аналитикалық, ұйымдастырушылық-құқықтық және материалды-техникалық қамсыздандыру қызметін жүзеге асырады;
      2) заңнамамен жүктелген өзге де міндеттерді іске асыру.
      15. Функциялары:
      1) Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Заңдарын, Президентінің және Үкіметінің актілерін орындауын ұйымдастыру мен олардың орындалуын қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасның Заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілерін, облыс, қала және аудан әкімдерінің шешімдерін, өкімдері мен тапсырмаларын, облыс, қала әкімдіктері қаулыларының орындалуына бақылауды жүзеге асыру;
      2) анықталған кемшіліктерді жою бойынша шаралар қабылдау;
      3) қала, облыс әкімі аппараттарымен, қалалық және облыстық мәслихаттармен, қоғамдық ұйымдармен өзара қарым-қатынасты қамтамасыз ету;
      4) аудан әкімінің қызметін құжаттамалық қамтамасыз ету, қызмет құжаттарын, хаттар мен өтініштерді қарастыру, азаматтарды қабылдауды ұйымдастыру, құжат айналымын талдау, құпия құжаттамамен жұмыс істеу, мемлекеттік және орыс тілдерінде іс жүргізудің жетілдіруін қамтамасыз ету;
      5) аудан әкімінің қатысуымен өткізілетін шараларды ұйымдастыру және ақпараттық қамтамасыз ету, аудан әкімінің және оның орынбасарларының күнделікті қызметін бұқаралық ақпарат құралдарында жария ету, олармен өзара іс-әрекетті ұйымдастыру;
      6) аудан әкімінің кадрлық саясатын жүзеге асыру жөнінде жұмысты ұйымдастыру, оқуды, тәжірибе алуды ұйымдастыру;
      7) аудан әкімінің шешімдері мен өкімдерін сақтау;
      8) қаланың коммуналдық меншігін қалыптастыруға, сондай-ақ оны күту және қорғау жөнінде іс-шараларды өткізуге қатысу;
      9) заңнамаға сәйкес нормативтік құқықтық мен құқықтық актілерді дайындауды және құрастыруды жоспарлау;
      10) құқықтық актілерді қолданыстағы заңнамаға сәйкестігіне және ағымдағы мезетке қолданудың өзектілігіне тексеру;
      11) жұмыс және қызмет сатып алу келісім-шарттарының орындалуына, сонымен бірге бөлінетін бюджет қаражаттарын игерілуіне тұрақты бақылауды және мониторингті қамтамасыз ету;
      12) қадағалау органдарының актілерін өз құзыреті шегінде қарастыру, бұзуларды жою және жол бермеу бойынша сәйкес ұсыныс енгізу. Тиісінше жауаптарды, ұсыныстарды және нормативті құқықтық, құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу;
      13) кәсіби емес медиаторлар тізілімін жүргізуді ұйымдастыру;
      14) алқаби кандидаттарының алдын ала бастапқы тізімін құрастыруды ұйымдастыру;
      16. Құқықтары мен міндеттері:
      1) барлық меншік нысанындағы кәсіпорындардан, мекемелерден және ұйымдардан қажет ақпаратты, құжаттарды және басқа материалдарды сұратуға және алуға;
      2) барлық ақпараттық мәліметтер түрлерімен қолдануға, оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнасымен белгіленген тәртіпте құпия ақпараттар;
      3) Қарағанды қаласы Қазыбек би атындағы аудан әкімі аппаратының құрылымы мен қызметін жетілдіру бойынша ұсыныс енгізуге;
      4) "Қарағанды қаласы Қазыбек би атындағы аудан әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі жүргізуге қатысты сұрақтар бойынша мемлекеттік және мемлекеттік емес органдармен және ұйымдармен қызметтік хат алмасуды жүргізуге;
      5) ауданның бюджеттік бағдарламсының әкімгері болып табылады;
      6) өз құзыреті шегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған іс-шараларды жүзеге асырады, тиісті іс-шаралар жоспарын әзірлейді, сыбайлас жемқорлықпен күрес бойынша өңірлік және қалалық іс-шаралар жоспарының міндетті түрде орындалуын қамтамасыз етеді;
      7) "Қарағанды қаласының Қазыбек би атындағы аудан әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесі іс жүргізу жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес іс жүргізуді, мекеме құжаттардың сақталуын қамтамасыз етуге және мемлекеттік мекеменің жабылуы кезінде құжаттарды мемлекеттік сақтауға қаматамасыз етеді;
      8) Қарағанды қаласы Қазыбек би атындағы аудан әкімінің құқықтық және нормативті-құқықтық актілерінің заңнамаға және қолданыстағы заңнамамен белгіленген әкімшілік рәсімдерге және заңнамаға сәйкестігіне жауапкершілікте болады;
      9) "Қарағанды қаласы Қазыбек би атындағы аудан әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің атына келіп түскен немесе қала әкімінің, оның орынбасарларының және қала әкімі аппараты басшысының тікелей тапсырмасы бойынша қолданыстағы заңнамамен белгіленген мерзімде жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне жауап әзірлейді және жолдайды;
      10) қала әкімінің, аудан әкімінің және Қарағанды қаласы әкімдігінің тапсырмаларын міндетті түрде орындау үшін барлық қажетті шараларды қабылдайды.

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

      17. "Қарағанды қаласы Қазыбек би атындағы аудан әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне басшылықты бірінші басшы жүзеге асырады, ол "Қарағанды қаласы Қазыбек би атындағы аудан әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемеге жүктелген міндеттерді орындауға және өзінің функцияларын жүзеге асыруға, сонымен қатар сыбайлас жемқорлыққа қарсы құқық бұзушылық пен қылмыстыққа жеке жауапкершілікте болады.
      18. "Қарағанды қаласы Қазыбек би атындағы аудан әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы Қазақстан Республикасы заңнамаларына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.
      19. "Қарағанды қаласы Қазыбек би атындағы аудан әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысында Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын орынбасарлары бар.
      20. "Қарағанды қаласы Қазыбек би атындағы аудан әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының құзыреті:
      1) аппарат қызметкерлерін тәртіптік жауапкершілікке тарту мәселесін заңнамамен белгіленген тәртіпте қарастырады;
      2) басқа мемлекеттік органдарда және басқа ұйымдарда "Қарағанды қаласы Қазыбек би атындағы аудан әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесін ұсынады;
      3) "Қарағанды қаласы Қазыбек би атындағы аудан әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат кестесін, сондай-ақ оған өзгертулерді енгізуді қала әкімдігіне бекіту үшін ұсынады;
      4) әкімгер болып табылатын, бюджеттік бағдарламалардың жоспарлануын және орындалуын қамтамасыз етеді, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес бюджеттік бағдарламаларды сапасыз жоспарлағаны және нәтижелерге қол жеткізбені үшін жауапты болады;
      5) азаматтар мен ұйымдарға Қазақстан Республикасы Конституциясы, Заңдары, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілерін, орталық және жергілікті атқарушы органдар нормативтік құқықтық актілерінің нормаларын орындауына жәрдемдеседі;
      6) өз құзіреті шегінде өтініштерді, арыздарды, шағымдарды қарастырады, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөнінде шаралар қолданады;
      7) кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөнінде жұмысты ұйымдастырады;
      8) елді мекендерді абаттандыру, жарықтандыру, көгалдандыру мен санитарлық тазалау жөнінде жұмыстарды ұйымдастырады;
      9) жерлеу орындарын күтіп ұстау және ешкімі жоқтарды көму жұмыстарын ұйымдастырады;
      10) өз құзыреті шегінде жалпы әскери міндет пен әскери қызмет, азаматтық қорғаныс, сондай-ақ мобилизациялық дайындық және мобилизация мәселелері жөнінде заңнамалардың орындалуына жәрдемдеседі және ұйымдастырады;
      11) азаматтық хал актілерін тіркеуді және туу туралы куәлікті беру кезінде жеке сәйкестендіру нөмірін қалыптастыруды ұйымдастырады;
      12) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттікті іске асырады.
      21. "Қарағанды қаласы Қазыбек би атындағы аудан әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған жағдайда, қолданыстағы заңнамаға сәйкес оның орнын басатын тұлға, өкілеттігін орындайды.
      22. Бірінші басшы қолданыстағы заңнамаға сәйкес өз орынбасарларының құзыретін айқындайды.
      23. Қазыбек би атындағы аудан әкімінің аппараты басшылығын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес аудан әкімімен лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын аудан әкімі аппаратының басшысы жүзеге асырады.
      24. "Қарағанды қаласы Қазыбек би атындағы аудан әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің жұмыс тәртібі Қазақстан Республикасының қолданыстағы еңбек заңнамасына сәйкес орнатылады.

4. Мемлекеттік органның мүлкі

      25. "Қарағанды қаласы Қазыбек би атындағы аудан әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінде заңнамамен қарастырылған жағдайда, жедел басқару құқығында оқшауланған мүлікке ие болуға құқығы бар. "Қарағанды қаласы Қазыбек би атындағы аудан әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесімен берілген, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған, өз қызметі нәтижесінде және басқа көздерден және сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) есебінен қалыптасады.
      26. "Қарағанды қаласы Қазыбек би атындағы аудан әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
      27. "Қарағанды қаласы Қазыбек би атындағы аудан әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі оған бекітілген мүлік және қаржыландыру жоспары бойынша берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікпен егер заннамамен басқа орнатылмаған жағдайда, өз бетімен иеліктен шығаруға немесе басқа тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      28. "Қарағанды қаласы Қазыбек би атындағы аудан әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады