Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексін, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31, 37-баптарын басшылыққа ала отырып, Теміртау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Теміртау қаласының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қоса беріліп отырған ережесі бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Сергей Николаевич Тымченкоға жүктелсін.
3. Осы қаулы оны алғаш ресми жариялаған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қала әкімі | Н. Сұлтанов |
| Теміртау қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 26 ақпандағы № 8/2 қаулысымен бекітілді |
"Теміртау қаласының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ережесі
1. Жалпы ережелер
1. "Теміртау қаласының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының өз құзыреттілігі шегінде стратегиялық, экономикалық, бюджеттік жоспарлау және қалалық бюджетті атқару, бухгалтерлік және бюджеттік есепті және қалалық бюджеттің атқарылуы бойынша есептілікті жүргізу саласындағы функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттік органы болып табылады.2. "Теміртау қаласының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, мәслихаттың, әкімдіктің және Қарағанды облысы және Теміртау қаласы әкімдерінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. "Теміртау қаласының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық мемлекеттік мекеме нысанындағы коммуналдық заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбасы, белгіленген үлгідегі бланкісі, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында есеп шоты бар.
4. "Теміртау қаласының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
5. "Теміртау қаласының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілсе, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар.
6. "Теміртау қаласының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен "Теміртау қаласының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
7. "Теміртау қаласының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес бекітіледі.
8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Қарағанды облысы, 101400, Теміртау қаласы, Димитров көшесі, 99-үй.
9. Мемлекеттік органның толық атауы:
мемлекеттік тілде: "Теміртау қаласының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі;
орыс тілінде: государственное учреждение "Отдел экономики и финансов города Темиртау".
10. Осы Ереже "Теміртау қаласының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
11. "Теміртау қаласының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджет есебінен жүзеге асырылады.
12. "Теміртау қаласының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен "Теміртау қаласының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер, "Теміртау қаласының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен табыс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілген болса, онда ондай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.
2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
13. "Теміртау қаласының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің миссиясы – қалалық деңгейде экономикалық және бюджеттік жоспарлауды қалыптастыру, қалалық бюджеттік атқарылуын қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі нәтижеге бағытталған қызметтер болып табылады.14. Мемлекеттік мекеменің негізгі міндеттері мыналар:
1) мемлекеттік салық-бюджет саясатын және инвестициялық саясатты, сондай-ақ экономикалық және қаржылық қатынастар саласындағы саясатты әлеуметтік-экономикалық даму басымдықтарымен өзара іс-қимыл шеңберінде әзірлеу және іске асыруға қатысу, қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі бағыттарын әзірлеу;
2) бес жылдық кезеңге арналған қаланы дамыту бағдарламасын, қаланың әлеуметтік-экономикалық даму болжамын стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды ескере отырып, үш жылға бюджеттік параметрлерді әзірлеу, қаланың әлеуметтік-экономикалық даму мониторингін жүзеге асыру арқылы экономика саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысу;
3) бюджеттік инвестицияларды жоспарлау кезінде стратегиялық мақсаттар мен басымдықтарды қалыптастыру;
4) қала бюджетін атқару саласында мемлекеттік саясаттың іске асырылуын қамтамасыз ету, бюджеттік бағдарламалардың мәслихаттың тиісті қаржы жылына арналған қалалық бюджет туралы шешімімен бекітілген сома шегінде немесе түзетілген бюджет бойынша толық әрі уақтылы орындалуына бағытталған шараларды жүзеге асыру;
5) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен оған жүктелген өзге де міндеттерді орындау болып табылады.
15. Мекеме заңнамамен белгіленген тәртіпте келесі функцияларды жүзеге асырады:
1) стратегиялық, экономикалық, бюджеттік жоспарлау және қалалық бюджетті атқару, бухгалтерлік және бюджеттік есепті және қалалық бюджеттің атқарылуы бойынша есептілікті жүргізу саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
2) қаланың басқа мемлекеттік органдарымен және шаруашылық жүргізуші субъектілерімен бірлесіп бес жылдық кезеңге арналған Теміртау қаласын дамыту бағдарламасын әзірлеуге қатысады, облыстың мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органымен келіседі және облысты дамыту бағдарламасы бекітілгеннен кейін бір ай мерзімде қалалық мәслихатқа бекіту үшін енгізеді, құжатты іске асыруға қатысатын мемлекеттік органдар ұсынған ақпарат негізінде жылына бір рет жыл қорытындысы бойынша қаланы дамыту бағдарламасына мониторинг жүргізеді, Қаланы дамыту бағдарламасын іске асыру туралы есепті және мониторинг бойынша қорытындыны қалыптастырады;
3) стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды және Қазақстан Республикасы Президентінің жыл сайынғы Жолдауларын ескере отырып, Қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуының бес жылдық кезеңге арналған болжамын жылжымалы негізде жергілікті атқарушы органдардың қатысуымен әзірлейді;
4) облыстың әлеуметтік-экономикалық болжамын ескере отырып алдағы үш жылдық кезеңге арналған қала бюджетіне түсетін түсімдерді болжамдауды жүзеге асырады;
5) қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуының, жергілікті бюджеттердің болжамды көрсеткіштері, бюджет қаражатын жұмсаудың басым бағыттары, жоспарлы үш жылдық кезеңге арналған бюджет тапшылығының мөлшері негізінде қалалық бюджеттік комиссияның ұсыныстары ескеріле отырып жылжымалы негізде бюджеттік бағдарламалардың әрбір әкімшісі үшін шығыс лимиттерін, жоспарлы кезеңнің жылдары бойынша бөлінген жаңа бастамаларға арналған лимиттерді айқындайды және ағымдағы қаржы жылының 1 мамырына дейін қалалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің назарына жеткізеді;
6) есепті қаржы жылындағы бюджеттің атқарылуын талдау нәтижелерін, сондай-ақ бюджет қаражатын басқару жөніндегі мемлекеттік орган қызметінің тиімділігін бағалау нәтижелерін ескере отырып:
бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік өтінімдерін олардың Қазақстан Республикасының бюджет және өзге де заңнамасына, әлеуметтік-экономикалық даму болжамына, қолданыстағы заттай нормаларға және мемлекеттік қызметтердің стандарттарына сәйкес келуі;
бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламалары жобаларының көрсеткіштерін бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің функцияларына, өкілеттіктеріне, қызметінің бағыттарына сәйкес келуі тұрғысынан қарайды;
7) тиісті жоспарлы кезеңге арналған қалалық бюджет жобасын әзірлейді және оны қалалық бюджеттік комиссияның қарауына ұсынады;
8) қалалық бюджеттік комиссияның қала бюджетінің жобасы туралы ұсыныстары негізінде қалалық мәслихаттың Бюджеттік кодексте және Бірыңғай бюджеттік сыныптамада айқындалған құрылымға сәйкес "Кезекті жоспарлы кезеңге арналған қалалық бюджет туралы" шешімінің жобасын әзірлейді және оны қала әкімдігінің қарауына енгізеді;
9) белгіленген мерзімде қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуының болжамын, мемлекеттік органдардың бюджеттік бағдарламаларының жобаларын және қалалық бюджет жобасына енгізілген шешімдерді ашып көрсететін түсіндірме жазбаны ұсына отырып, қала бюджетінің жобасын қалалық мәслихаттың қарауына ұсынады;
10) мәслихаттың үш жылдық кезеңге арналған қалалық бюджет туралы шешімдерін іске асыру туралы қаулының жобасын әзірлейді және қала әкімдігінің бекітуіне ұсынады;
11) қалалық бюджеттік бағдарламалардаң әкімшілері ұсынған бюджеттік бағдарламалардың жобаларын келіседі;
12) атқарушы органдардың мәліметтерін жинау, қорыту және талдау арқылы қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуына мониторинг жүргізеді;
13) инвестиция және инвестициялаудан кейінгі кезеңдегі бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асырудың мониторингін және бағалауды жүргізеді;
14) қалалық бюджеттік комиссияның жұмыс органы бола отырып, бюджет жобасының уақтылы және сапалы әзірленуін және бюджетті нақтылау жөніндегі ұсыныстардың әзірленуін қамтамасыз ету үшін ұсыну мерзіміне сәйкес қалалық бюджеттік комиссияның отырысына қалалық бюджетті бекіту және нақтылау бойынша және басқа мәселелер бойынша құжаттар пакетін қолданыстағы заңнамаға сәйкес ұсынады;
15) қала бюджетінің атқарылуын қамтамасыз етеді және бюджеттің атқарылуы жөніндегі бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің қызметін үйлестіреді;
16) міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын, қала бюджеті бойынша түсімдердің және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын жасайды, бекітеді және жүргізеді;
17) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бюджетке түсетін түсімдердің мерзімдеріне сәйкес төлемдердің уақтылы төленуін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар кешенін жүзеге асырады;
18) мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түсетін өз биліктерінде қалатын ақша түсімдері мен шығыстарының бюджеттік бағдарламалар әкімшілерімен бекітілген жиынтық жоспарын келіседі;
19) бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің қаржылық есептілігін қабылдауды жүзеге асырады;
20) міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына өзгерістер енгізу үшін бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің өтінімдерін қарайды және олар мақұлданған жағдайда, төлемдер мен міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарларына өзгерістер енгізу туралы анықтама қалыптастырады;
21) қалалық бюджеттің қолма-қол ақшасын бақылау шотындағы ақша қалдығының болжамы негізінде алдағы айға күтілетін бюджеттің атқарылуына ай сайын талдау жүргізеді және болжамды кезеңнің соңына тиісті бюджеттің қолма-қол ақшаны бақылау шотындағы күтілетін ақша қалдығын анықтайды;
22) тиісті бюджеттің қолма-қол ақшаның бақылау шотында терiс сальдо болжамы немесе бiр ай iшiнде қолма-қол ақшаның ағымдағы тапшылығы пайда болған жағдайда, қосымша қарыз алуды жүргiзу немесе мемлекеттiк бағалы қағаздардың жоспарлы шығарылымын көшiру қажеттiлiгiне бастамашылық етедi;
23) жүргізілген төлемдердің болжамдық көлемі қалалық бюджетке түсетін түсімдер болжамдау көлемі мен тиісті бюджеттің шотындағы бюджет қаражатының қалдығынан (қолма-қол ақша тапшылығы) артып кеткен және мемлекеттік бағалы қағаздар шығару немесе жоғары тұрған бюджеттен қарыз алуды жүзеге асыру арқылы алдағы айда ақша тарту үдерісін ұйымдастыру мүмкін болмаған жағдайда қаржыландырудың жиынтық жоспарында бюджеттік бағдарламалар бойынша төлемді жүзеге асырудың ай сайынғы кестесіне өзгеріс енгізеді;
24) Қазақстан Республикасы Үкіметімен белгiленген тәртiпте мемлекеттiк мекемелер жөніндегі Жиынтық жоспарға өзгерiстер енгiзу туралы ұсынылған анықтаманы қарайды және келiседi, енгізілетін өзгерістер бойынша негіздемелер мен есептерді тексереді;
25) қалалық бюджет қаражатынан берілген кредиттер бойынша талаптарды есепке алуды жүзеге асырады;
26) жинау, талдау және қаржыландыру жоспарлары жылдық сомаларының айларға бөлінуін бағалау арқылы жергілікті бюджет қаражаттарының игерілу, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерімен қаржыландыру жоспарларына енгізілген өзгерістердің негізділігінің мониторингісін, қаржыландыру жоспарларының орындалмау себептерін анықтауды, бюджеттің атқарылуы туралы есепті жасауды және бюджетті атқаруда бюджеттік бағдарламалардың тиімділігін бағалайды;
27) мемлекеттік органның бюджеттік бағдарламаларын әзірлейді және бюджеттік өтінімін жасайды;
28) қолданыстағы заңнамаға сәйкес басқа да функцияларды жүзеге асырады.
16. Құқықтары мен міндеттері:
аймақтық әлеуметтік-экономикалық саясаттың негізгі бағыттары бойынша әкімге, қала әкімдігіне ұсыныстар енгізу;
әкімдіктің және қала әкімінің нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын өз құзыреті шегінде дайындау;
өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдардан, мемлекеттің қатысуымен заңды тұлғалар мен өзге ұйымдардан және жеке тұлғалардан қажетті ақпарат пен құжаттарды сұрату және алу;
облыстық (келісім бойынша) және жергілікті атқарушы органдардың мамандарын, сондай-ақ тәуелсіз сарапшыларды сараптама жасау және кеңес алу үшін тарту;
бюджеттік заңнамамен қарастырылған жағдайларда бюджеттік қаражаттарды кері қайтаруды қамтамасыз ету және қаржыландыруды тоқтата тұру;
Қазақстан Республикасының заңнамасымен айқындалған өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру;
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарын сақтау;
қалалық бюджеттің уақтылы атқарылуын қамтамасыз ету.
3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру
17. "Теміртау қаласының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне басшылықты "Теміртау қаласының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын басшы жүзеге асырады.18. "Теміртау қаласының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысын қызметке қала әкімі тағайындайды және қызметтен босатады.
Мекеменің басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасымен және осы Ережемен белгіленетін өзінің құзыретіне сәйкес дара қағидаты бойынша қызмет етеді, Мекеме қызметінің мәселелерін дербес шешеді.
19. "Теміртау қаласының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасары болады.
20. "Теміртау қаласының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының өкілеттігі:
1) мемлекеттік мекеме жұмысына басшылық жасайды және мекемеге жүктелген міндеттердің орындалуына және өзінің функцияларын орындауға дербес жауапкершілікте болады;
2) өз орынбасарының және мемлекеттік мекеме секторлары меңгерушілерінің міндеттері мен өкілеттіктерін белгілейді;
3) мемлекеттік мекеме қызметкерлерін заңнамаға сәйкес лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;
4) сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың және коррупцияға қарсы іс-қимыл талаптарының орындалуын қамтамасыз етуге дербес жауапкершілікте болады;
5) заңнамамен белгіленген тәртіпте мемлекеттік мекеме қызметкерлеріне көтермелеу шараларын қолданады және тәртіптік жаза салады;
6) өз құзыреттілігіне сәйкес бұйрықтар шығарады және мемлекеттік мекеменің секторлары туралы ережені бекітеді;
7) барлық мемлекеттік мекемелерде және басқа ұйымдарда қолданыстағы заңнамаға сәйкес мемлекеттік мекеменің мүддесін қорғайды;
8) қала әкімінің тапсырмаларына және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге өкілеттіктерді жүзеге асырады.
"Теміртау қаласының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
21. Бірінші басшы өз орынбасарының өкiлеттiктерiн Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес белгiлейдi.
4. Мемлекеттік органның мүлкі
22. "Теміртау қаласының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін."Теміртау қаласының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер арқылы қалыптастырылады.
23. "Теміртау қаласының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
24. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Теміртау қаласының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.