Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31, 37-баптарына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" Жарлығына сәйкес, Теміртау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Осы қаулыға қоса беріліп отырған "Теміртау қаласының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесі бекітілсін.
Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары А. А. Есмұрзаевқа жүктелсін.
Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қала әкімі | Н. Сұлтанов |
Теміртау қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 14/4 қаулысымен бекітілді |
"Теміртау қаласының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесі
1. Жалпы ережелер
1. "Теміртау қаласының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің шеңберінде Теміртау қаласы мен Ақтау кентінің аумағында жер қатынастары саласында мемлекеттік реттеуді және басшылықты іске асыратын мемлекеттік орган болып табылады.2. "Теміртау қаласының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінде ведомстволар жоқ.
3. "Теміртау қаласының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. "Теміртау қаласының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ заңнамаға сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
5. "Теміртау қаласының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
6. "Теміртау қаласының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
7. "Теміртау қаласының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік орган басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
8. "Теміртау қаласының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 101404, Қарағанды облысы, Теміртау қаласы, 6-ықшамаудан, 14.
10. Мемлекеттік органның толық атауы:
мемлекеттік тілде: "Теміртау қаласының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі;
орыс тілінде: государственное учреждение "Отдел земельных отношений города Темиртау".
11. Осы Ереже "Теміртау қаласының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
12. "Теміртау қаласының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
13. "Теміртау қаласының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен "Теміртау қаласының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер "Теміртау қаласының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджет кірісіне жіберіледі.
2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
14. "Теміртау қаласының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің миссиясы болып жерлерді тиімді пайдалану үшін жағдай жасау, жер қатынастарын реттеу саласында біріңғай мемлекеттік саясат жүргізу, сондай-ақ Теміртау қаласы мен Ақтау кенті топырақтарының құнарлылығын жақсарту және сақтауға бағытталған қызметтерді ұйымдастыру келеді.15. Негізгі міндеттері:
1) жердi ұтымды пайдалану мен қорғауды, топырақ құнарлылығын ұдайы қалпына келтiрiп отыруды, табиғи ортаны сақтау мен жақсартуды қамтамасыз ету мақсатында жер қатынастарын реттеу;
2) шаруашылық жүргiзудiң барлық нысандарын тең құқықпен дамыту үшiн жағдайлар жасау;
3) жеке және заңды тұлғалар мен мемлекеттiң жерге құқықтарын қорғау;
4) жер қатынастары саласында заңдылықты нығайту.
16. Функциялары:
1) иесі жоқ жер учаскелерін анықтау және оларды есепке алу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;
2) жер қатынастарын реттеу саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
3) жергілікті атқарушы органының жер учаскелерін беру және олардың нысаналы мақсатын өзгерту жөніндегі ұсыныстары мен шешімдерінің жобаларын дайындау;
4) жер қойнауын пайдаланудың мемлекеттік геологиялық зерттеуге және барлауға байланысты мақсаттары үшін жер учаскелерін беру жөніндегі атқарушы органның ұсыныстары мен шешімдерінің жобаларын дайындау;
5) мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін мәжбүрлеп иеліктен шығару жөнінде ұсыныстар дайындау;
6) жер учаскелерінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін айқындау;
7) мемлекет жеке меншікке сататын нақты жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құнын бекіту;
8) жерге орналастыруды жүргізуді ұйымдастыру және жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекіту;
9) жерді аймақтарға бөлу жобаларын, жерді ұтымды пайдалану жөніндегі жобалары мен схемаларын әзірлеуді ұйымдастыру;
10) елді мекендер аумағының жер-шаруашылық орналастыру жобаларын әзірлеуді ұйымдастыру;
11) жер сауда-саттығын (конкурстар, аукциондар) жүргізуді ұйымдастыру;
12) жерді пайдалану мен қорғау мәселелерін қозғайтын, қалалық маңызы бар жобалар мен схемаларға сараптама жүргізу;
13) қаланың жер балансын жасау;
14) жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың, сондай-ақ жер құқығы қатынастарының басқа да субъектілерінің есебін жүргізу;
15) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің паспорттарын беру;
16) жер учаскесін сатып алу-сату шарттары мен жалдау және жерді уақытша өтеусіз пайдалану шарттарын жасасу және жасалған шарттар талаптарының орындалуын бақылауды жүзеге асыру;
17) Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер Кодексінің 71-бабына сәйкес іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскелерін пайдалануға жергілікті атқарушы органының рұқсат беруі жөнінде ұсыныстар дайындау;
18) ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екіншісіне ауыстыру жөнінде ұсыныстар дайындау;
19) пайдаланылмай жатқан және Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланылып жатқан жерлерді анықтау;
20) жерді резервке қалдыру жөніндегі ұсыныстарды дайындау;
21) жер-кадастрлық жоспарды бекіту;
22) қолданыстағы заңнамаға сәйкес басқа да функцияларды жүзеге асырады.
17. Құқықтары мен міндеттері:
мемлекеттік органға жүктелген функцияларды жүзеге асыру үшін мемлекетік органдардан, өзге ұйымдардан және жеке тұлғалардан қажетті ақпараттарды сұрауға және алуға;
өз құзіреттілігі шегінде нормативтік құқықтық актілердің жобаларын дайындауға;
өз функцияларын орындау үшін қажетті басқа да әрекеттерге құқықтары бар;
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарын сақтау.
3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру
18. "Теміртау қаласының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесін басқаруды "Теміртау қаласының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.19. "Теміртау қаласының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын қызметке қала әкімі тағайындайды және қызметтен босатады.
20. "Теміртау қаласының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының өкілеттігі:
1) "Теміртау қаласының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесі мен құрылымын, сонымен қатар оларға енгізілетін өзгерістерді әзірлейді және қала әкімдігіне бекітуге ұсынады;
2) "Теміртау қаласының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жалпы жедел басқаруды іске асырады, оның қызметінің ақпараттық-талдамалық, ұйымдастырушылық-құқықтық, материалдық-техникалық және қаржылық қамтамасыз етілуін ұйымдастырады, құрылымдық бөлімшелердің жұмысын үйлестіреді және бақылайды, "Теміртау қаласының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі мамандары мен басқа жұмысшыларының жұмысын ұйымдастырады және оған бақылауды іске асырады;
3) "Теміртау қаласының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі құрылымдық бөлімшелерінің басшыларының, мамандары мен басқа жұмысшыларының лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;
4) "Теміртау қаласының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесіндегі ішкі еңбек тәртібінің ережелерін бекітеді, мемлекеттік қызмет туралы заңнаманың орындалуына бақылау жүргізеді;
5) әкім мен әкімдік құзыретінің шектерінде құқықтық актілердің, "Теміртау қаласының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметіне қатысты басқа қызметтік құжаттардың жобаларын қала әкімі мен әкімдігінің бекітуіне әзірлейді және ұсынады;
6) "Теміртау қаласының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі атынан сенімхатсыз әрекет етеді және оның мүдделерін сотта, мемлекеттік органдар және басқа ұйымдармен, жеке тұлғалармен қарым-қатынастарда өз өкілеттілігі шегінде қорғайды;
7) "Теміртау қаласының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызмет ету мәселелері бойынша қала әкімі аппаратымен, қалалық мәслихатпен, Ақтау кенті әкімінің аппаратымен, қалалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік органдармен, Қарағанды облысының әкімдігімен, оның құрылымдық бөлімшелерімен, қала мен облыс аумағында қызмет ететін Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік органдарының аумақтық бөлімшелерімен, саяси партиялар мен қозғалыстармен, үкіметтік емес ұйымдармен және қала жұртшылығымен тұрақты байланысты қамтамасыз етеді;
8) "Теміртау қаласының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі қызметінің мәселелері бойынша қала әкімі жанындағы кеңесулерді, әкімдіктің, кеңесу-ақылдасу органдардың отырыстарын, жалпы қалалық қоғамдық-саяси іс-шараларды дайындауды қамтамасыз етеді;
9) "Теміртау қаласының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі қызметінің бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын ұйымдастырады, олармен тұрақты өзара іс-қимыл жүргізеді, оларды тиісті жобалар мен бағдарламалардың әзірленуі, қабылдануы және орындалуы, жер қатынастары саласындағы қала үшін көкейкесті мәселелердің шешілу жолдары мен шаралары туралы ақпараттандыруды іске асырады;
10) өзіне заңнамамен және осы Ережемен жүктелген басқа да функцияларды және өкілеттіктерді іске асырады.
"Теміртау қаласының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
4. Мемлекеттік органның мүлкі
21. Заңнамада көзделген жағдайларда "Теміртау қаласының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін."Теміртау қаласының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
22. "Теміртау қаласының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесіне бекiтiлген мүлiк коммуналдық меншікке жатады.
23. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Теміртау қаласының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің өзіне бекітілген және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған басқа тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.