"Ақтау кенті әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Теміртау қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 28 мамырдағы № 21/9 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 8 маусымда № 3243 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Теміртау қаласының әкімдігінің 2016 жылғы 2 маусымдағы № 22/2 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Теміртау қаласының әкімдігінің 02.06.2016 № 22/2 қаулысымен.
      Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" Жарлығына сәйкес, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31, 37-баптарына сәйкес Теміртау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
       1. "Ақтау кенті әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі туралы Ережесі бекітілсін.
      2. Ақтау кенті әкімі осы қаулыдан туындайтын ұйымдастыру әрекеттерін жүргізсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Алтынбек Атабекұлы Есмұрзаевқа жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғаш жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қала әкімінің міндетін атқарушы
А. Есмұрзаев

      

 
Теміртау қаласы әкімдігінің
2015 жылғы 28 мамырдағы
№ 21/9 қаулысымен
бекітілген

"Ақтау кенті әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі туралы Ереже
1. Жалпы ережелер

      1. "Ақтау кенті әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Ақтау кенті әкімінің қызметін ақпараттық-талдамалық, ұйымдастырушылық-құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
      2. "Ақтау кенті әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      3. "Ақтау кенті әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері бар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
      4. "Ақтау кенті әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      5. "Ақтау кенті әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі, егер заңнамаға сәйкес уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық- құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      6. "Ақтау кенті әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі өз құзіретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Ақтау кенті әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
      7. "Ақтау кенті әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес бекітіледі.
      8. Заңды тұлғаның орналасқан жері:
      101408, Қарағанды облысы, Теміртау қаласы, Ақтау кенті, Карл Маркс көшесі, 2 үй.
      9. Мемлекеттік органның толық атауы:
      мемлекеттік тілде: "Ақтау кенті әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі;
      орыс тілінде: государственное учреждение "Аппарат акима поселка Актау".
      10. Осы Ереже "Ақтау кенті әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
      11. "Ақтау кенті әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
      12. "Ақтау кенті әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен "Ақтау кенті әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер "Ақтау кенті әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      13. "Ақтау кенті әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің миссиясы:
      кент әкімімен оның қаланың жергілікті атқарушы органдарының (әкімдіктің құрылымдық бөлімшелері) қызметінде жалпы үйлестіру және өзара іс-қимылды және Қазақстан Республикасы орталық мемлекеттік органдарының аумақтық бөлімшелерінің келісіп жұмыс істеуін ұйымдастыру жөніндегі міндеттерінің орындалуын қамтамасыз етеді;
      кент әкімі жанындағы жиналыстарды, консультативтік-кеңесші органдардың, жалпы кенттік қоғамдық-саяси іс-шараларды дайындауды қамтамасыз етеді;
      Ақтау кентінде ресми делегацияларды күтіп алу және болуы жөніндегі хаттамалық шараларын қамтамасыз ету кезінде облыстық және республикалық мемлекеттік құрылымдармен өзара іс-қимыл жасайды.
      14. "Ақтау кенті әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің міндеттері:
      1) Ақтау кенті әкімінің қызметін ақпараттық-талдау тұрғысынан, ұйымдық-құқықтық және материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз ету;
      2) кент аумағында мемлекеттік саясатты қамтамасыз ету жағдайы, оның әлеуметтік-экономикалық, шаруашылық және мәдени-гуманитарлық дамуы туралы әкімге уақытылы, толық және дәлелді ақпарат беру;
      3) қала әкімдігінің және әкімінің, кент әкімінің тапсырмалары мен актілерін әзірлеу, қабылдануын қамтамасыз ету, орындалуын ұйымдастыру.
      15. Функциялары:
      1) кент аумағында мемлекеттік, өңірлік және қалалық бағдарламалардың орындалуын мониторингілеу және өз құзыреті шегінде тиісті ұсыныстарды әзірлеу жолымен Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің ішкі және сыртқы саясаттың негізгі бағыттарын іске асыруға қатысады;
      2) Қарағанды облысының әлеуметтік-экономикалық даму стратегиясын және оны жүзеге асыру жөніндегі шаралар кешенін ескере отырып, жоспарлардың, кент дамуының экономикалық және әлеуметтік бағдарламаларының әзірленуі мен орындалуына бастамашылық етеді және қатысады;
      3) қалалық бюджеттен қаржыландырылатын, мемлекеттік органдар мен ұйымдардың қызметін үйлестіруге қатысады, сонымен қатар Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік органдарының аумақтық бөлімшелерінен қала әкімі, әкімдігінің және кент әкімінің актілерін дайындау, сараптама жасау үшін уақытылы ақпарат алу және сұрау жолымен олардың орындалуының мониторингін жүргізу, кенттің әлеуметтік-экономикалық дамуы жөніндегі ұсыныстар мен болжамдарды қалыптастыру.
      16. Құқықтары мен міндеттері:
      1) қалалық бюджеттен қаржыландырылатын, мемлекеттік органдар мен басқа ұйымдардан қажетті ақпаратты, құжаттарды, басқа да материалдарды сұратуға және алуға;
      2) бекітілген заңнама негізінде, Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік органдарының аумақтық бөлімшелерінен, облыстық басқармалардан, басқа да мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдардан қажетті ақпаратты, құжаттар мен материалдарды сұратуға және алуға;
      3) ақпараттық деректер түрлерінің барлығын, оның ішінде қалалық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың өкіміндегі құпия деректерді қолдануға;
      4) қала әкімі және оның орынбасарларымен, қала әкімі аппаратының басшысымен келісе отырып, кентке қатысты, қала әкімі және оның орынбасарларының жанындағы аппарат жиналыстарына, әкімдік отырыстарына қарау үшін сұрақтар дайындау сондай-ақ, кент әкімі құзіретіне қатысты шешімі қиын мәселелерді шешу және зерделеу үшін мемлекеттік органдар қызметшілерін, қала бюджетінен қаржыландырылатын өзге де мемлекеттік мекемелер мен коммуналдық кәсіпорындардың қызметкерлерін тартуға.

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

      17. "Ақтау кенті әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне басшылықты "Ақтау кенті әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
      18. Бірінші басшы қызметіне заңнамаға сәйкес тағайындалады және қызметінен босатылады.
      19. Бірінші басшысының, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.
      20. "Ақтау кенті әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының өкілеттігі:
      1) қала әкімдігіне Ереже мен құрылымын, сондай ақ олардағы өзгерістерді бекітуге тапсырады;
      2) штаттық құрылым жобасын дайындайды, бекітілген сандық лимиттердің сақталуына бақылау жасайды;
      3) жалпы басшылықты жүзеге асырады, оның қызметін ақпараттық-талдамалық, ұйымдастырушылық-құқықтық, материалдық-техникалық және қаржылық қамтамасыз етуді ұйымдастырады;
      4) кент әкімі орынбасарының, әкімшілік және азаматтық қызметкерлердің, басқа жұмыскерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;
      5) "Ақтау кенті әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің атынан сенімхатсыз жұмыс істейді, мемлекеттік органдармен және өзге де ұйымдармен өзара қатынас барысында өз құзіреті шеңберінде оның мүддесін қорғайды;
      6) жеке мәселелер бойынша "Ақтау кенті әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі қызметкерлері мен азаматтарды қабылдайды;
      7) заңнамалармен және осы Ережемен жүктелген басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.
      "Ақтау кенті әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
      21. Бірінші басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.

4. Мемлекеттік органның мүлкі

      22. "Ақтау кенті әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
      "Ақтау кенті әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
      23. "Ақтау кенті әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
      24. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе "Ақтау кенті әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      25. "Ақтау кенті әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады