Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Ақтоғай аудандық мәслихатының 28.05.2018 № 218 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы (Салық кодексi)" Кодексiне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Заңына сәйкес Ақтоғай аудандық мәслихаты ШЕШIМ ЕТТI:
1. Автотұрақтардың (паркингтердің) санаттары осы шешімнің 1 қосымшасына сәйкес белгіленсін.
2. Автотұрақтардың (паркингтердің) санатына қарай автотұрақтарға (паркингтерге) бөлінген елді мекендердің жерлері үшін салықтың базалық ставкаларының мөлшері осы шешімнің 2 қосымшасына сәйкес ұлғайтылсын.
3. Ақтоғай ауданына жататын автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген басқа санаттағы жерлерге базалық салық мөлшерлемесін қолдануға жақын жатқан елді мекендер болып Шашубай, Сарышаған кенті және Ақтоғай ауылы белгіленсін.
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | А. Күлмағанбетова |
Аудандық мәслихат хатшысы | М. Оңғарқұлов |
|
Автотұрақтардың (паркингтердің) санаттары
№ р/с | Автотұрақтар (паркингтердің) түрлері | Санаттары |
1 | Жабық түрдегi автотұрақтар (паркингтер) | 1 санат |
2 | Ашық түрдегi автотұрақтар (паркингтер) | 2 санат |
|
Автотұрақтардың (паркингтердің) санатына қарай автотұрақтарға (паркингтерге) бөлінген елді мекендердің жерлері үшін салынатын салықтың базалық ставкаларының ұлғайтылған мөлшері
№ р/с | Автотұрақтардың (паркингтердiң) санаттары | Базалық ставканың ұлғаюы |
1 | 1 санат | он есе |
2 | 2 санат | он есе |