Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына және Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" Жарлығына сәйкес, Қарқаралы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса берілген "Қарқаралы ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесі бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қарқаралы ауданы әкімі аппаратының басшысының міндетін атқарушы Д.Ж. Әзімхановқа жүктелсін.
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қарқаралы ауданының әкімі | К.М. Максутов |
| Қарқаралы ауданының әкімдігінің 2015 жылғы 6 наурыз № 74 қаулысымен бекітілген |
"Қарқаралы ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесі
1. Жалпы ережелер
1. "Қарқаралы ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі (әрі қарай – Білім бөлімі) аудан аймағында білім төңірегінде мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ететін, білім саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органы болып табылады.2. Білім бөлімі өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Білім бөлімі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттiк тiлде өз атауы бар мөрi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
4. Білім бөлімі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi.
5. Білім бөліміне егер заңнамаға сәйкес осыған уәкiлеттiк берiлген болса, мемлекеттiң атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
6. Білім бөлімі өз құзыретiнiң мәселелерi бойынша заңнамада белгiленген тәртiппен "Қарқаралы ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актiлермен ресiмделетiн шешiмдер қабылдайды.
7. Білім бөлімі құрылымы мен штат санының лимитi қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекiтiледi.
8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 100800, Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, Қарқаралы қаласы, Ә. Бөкейханов көшесі 55.
9. Мемлекеттiк органның толық атауы: "Қарқаралы ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі.
10. Осы Ереже "Қарқаралы ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
11. Білім бөлімінің қызметiн каржыландыру жергiлiктi бюджет есебінен жүзеге асырылады.
12. Білім бөлімі кәсiпкерлiк субъектiлерiмен Білім бөлімінің функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер Білім бөліміне заңнамалық актiлермен кiрiстер әкелетiн қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлсе, онда осындай қызметтен алынған кiрiстер мемлекеттік бюджеттiң кiрiсiне жiберiледi.
2. Мемлекеттік органның миссиясы, негiзгi мiндеттерi, функциялары, құқықтары мен мiндеттерi
13. Білім бөлімінің миссиясы: сапалы білім беру қызметін көрсету, білім саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру.14. Мiндеттерi:
1) аудан азаматтарының білім алуға конституциялық құқықтарын қамтамасыз ету;
2) мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асыру;
3) ауданда білім беру жүйесінің қызмет етуін мемлекеттік қамтамасыз ету және оны өзгеріп жатқан қоғамның қажеттіліктеріне және қоғамның дамуының жаңа әлеуметтік-экономикалық жағдайларына сәйкес әлеуметтік қорғау;
4) білім берудің аймақтық жүйесін қаржылық қамтамасыз етуін талдау, білім саласында мақсаттық бағдарламаларды қаржыландыру сұрақтары бойынша аудан әкімдігіне ұсыныстар енгізу, бюджеттік бағдарламаларды қаржыландыру жоспарының орындалуы туралы есептер құрастыру, орта мерзімді мемлекеттік салалық және аймақтық бағдарламалардың өңделу сатысында инвестициялық ұсыныстарды енгізу арқылы білім саласында мемлекеттік қаржылық, инвестициялық, инновациялық саясаттың жүзеге асуын қамтамасыз ету.
15. Функциялары:
1) білім мекемелерінің құрылуы, қайта құрылуы және жойылуы туралы ұсыныстарды белгіленген тәртіппен Қарқаралы ауданының әкімдігіне енгізеді;
2) мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балалардың есебін жүргізеді және олардың орта білім алуына дейінгі оқуын және тәртібін ұйымдастырады;
3) мектеп алды даярлық, мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру, негізгі орта, кешкі (ауысымды) оқытуды және интернат үлгісіндегі ұйымдар арқылы жалпы орта білімді қосқанда, жалпы орта білім беруді ұйымдастырады және қамтамасыз етеді;
4) балалар үшін қосымша білім беруді қамтамасыз етеді;
5) оқушылардың ұлттық біріңғай тестілеуіне қатысуын ұйымдастырады;
6) жалпы білімдік пәндер бойынша аудандық, мектептік олимпиадалардың өткізілуін ұйымдастырады;
7) ата – анасының қамқорлығынсыз қалған кәмелетке толмағандарға қорғаншылық және қамқоршылықты ұйымдастырады, оларды балалар үйіне немесе интернаттық ұйымдарға анықтайды;
8) ата – анасының қамқорлығынсыз қалған жетім балаларға, белгіленген тәртіпте, мемлекеттік қамсыздандыруды жүзеге асырады;
9) Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған тәртіпте, оқушылардың жеке санаттарына тегін және жеңілдетілген тамақтануды ұйымдастырады;
10) білім беру ұйымдарына оқулықтар мен оқу - әдістемелік кешендерін сатып алу мен жеткізілуін қамтамасыз етеді;
11) Білім бөлімі мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Президентінің заңды актілеріне, Қазақстан Республикасының басқа да нормативті–құқықтық актілеріне сәйкес негізгі қызметі мен міндеттерін жүзеге асыруға қажетті іс–шараларды құрастырып, іске асырады және өткізеді.
16. Құқықтары мен мiндеттерi:
1) өз функцияларын орындау мақсатында белгiленген тәртiп бойынша мемлекеттiк органдардан, ұйымдардан, мекемелерден, кәсiпорындардан және лауазымды тұлғалардан қажеттi ақпаратты алуға;
2) мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардың қызметшiлерiн келiсiм бойынша мекеме құзiретiне жататын мәселелердi дайындауға қатыстыру, тиiстi ұсыныстар әзiрлеу үшін уақытша жұмыс топтарын құруға;
3) мемлекеттік органдардың бiлiм саласында қызметін ұйымдастыруды жетiлдiру туралы ұсыныстар енгiзуге, мекеменiң құзырына жататын мәселелер бойынша ақпараттық - талдау және өзге де материалдардық дайындауды жүзеге асыруға;
4) тиістi мемлекеттiк органдар мен лауазымды тұлғаларға мекеме қызметiнiң аясына жататын тапсырмалар беруге, олардың орындалуын бақылауға, сондай-ақ орталық және жергiлiктi атқарушы органдар жүргiзетiн сұрақтар туралы қатысуға ұсыныстар енгiзуге;
5) адам құқықтары мен өзге де сұрақтар сақталған, бiлiм мәселелерi кұзiретiне кiретiн, бiлiм мекемесiнiң лауазымды тұлғаларына ұжымдық, әдестемелік, ақпараттық және басқа да көмек көрсетуге.
3. Мемлекеттік органның қызметiн ұйымдастыру
17. Бiлiм бөлiміне басшылықты жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.18. Бiлiм бөлiмінің бiрiншi басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке аудан әкімімен тағайындалады және қызметтен босатылады.
19. Білім бөлімінің бiрiншi басшысының өкiлеттiгi:
1) мекеменiң жұмысын ұйымдастырады, оған басшылық жүргізеді және мекемеге жүктелген тапсырмалардың орындалуына дербес жауапты болады;
2) өз қызметін бiрiңғай басшылық принципiмен атқарады және Қазақстан Республикасының Заңдары мен осы Ережеде белгiленген өзiнiң құзiретiне сәйкес мекеме мәселелерiн дербес шешедi;
3) мекеме қызметкерлерінің және бiлiм беру ұйымдарының басшыларының функционалдық мiндеттерi мен өкiлеттiктерiн бекiтедi;
4) мекеменiң алда тұрған және ағымдағы жұмыс жоспарларын бекiтедi;
5) мекеме қызметкерлерiне марапаттау, көтермелеу шараларын және тәртiптiк жаза қолданады;
6) барлық қызметкерлер үшін орындауға мiндеттi бұйрықтар шығарады, нұскаулар бередi және қызметтiк кұжаттарға қол қояды;
7) жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттiк мектепке дейiнгi тәрбие және білім беру ұйымдарының, мектептен тыс ұйымдар мен орта бiлiм беру ұйымдарының басшыларын конкурстық негiзде тағайындайды және қызметтен босатады;
8) азаматтармен жеке қабылдау жүргiзедi, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша ісшараларды ұйымдастыруға дербес жауапты болады;
9) мекеме атынан сенiмхатсыз iс әрекет етедi;
10) ұйымдарда, мекемелерде және меншiк нысанына қарамастан барлық кәсiпорындарда мекеменiң мүддесiн корғайды;
11) шарттар жасасады;
12) сенiмхаттар бередi;
13) мекеменің iс-сапар, тағылымдар, республикалық және шетелдік оқу орталықтарында және бiлiктiлiктi көтерудiң басқа да түрлерi бойынша мекеме қызметкерлерiн оқытудың тәртiбi мен жоспарларын бекiтедi;
14) Қазақстан Республикасы заңнамаларында, осы Ережеде жүктелген басқа да функцияларды жүзеге асырады.
Білім бөлімінің бiрiншi басшысы болмаған кезеңде оның өкiлеттiктерiн қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
4. Мемлекеттік органның мүлкi
20. Білім бөлімінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болуы мүмкiн.Білім бөлімі мүлкi оған меншiк иесi берген мүлiк, сондай-ақ өз қызметi нәтижесiнде сатып алынған мүлiк (ақшалай кiрiстердi коса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебiнен қалыптастырылады.
21. Білім бөліміне бекiтiлген мүлiк коммуналдық меншiкке жатады.
22. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Білім бөлімі өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзiне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.