Аудандық мәслихатың 2015 жылғы 19 наурыздағы № 28/247 "Шет ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария мемлекеттік ұйымдардың мамандарына отын сатып алу үшін аудандық бюджет қаражаты есебінен әлеуметтік қөмек беру туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Шет аудандық мәслихатының 2016 жылғы 8 желтоқсандағы № 8/60 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 23 желтоқсанда № 4064 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабы 1 тармағы 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 18 бабының 5 тармағына сәйкес Шет аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
       1. Шет аудандық мәслихатының 2015 жылғы 19 наурыздағы № 28/247 "Шет ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария мемлекеттік ұйымдардың мамандарына отын сатып алу үшін аудандық бюджет қаражаты есебінен әлеуметтік қөмек беру туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3122 болып тіркелген, 2015 жылғы 16 сәуірдегі "Шет Шұғыласы" №15 (10 531) газетінде, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылдың 14 мамырында жарияланған), келесі өзгерістер енгізілсін:
      шешімнің тақырыбы келесі редакцияда мазмұндалсын:
      "Шет ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария мемлекеттік ұйымдардың мамандарына отын сатып алу үшін аудандық бюджет қаражаты есебінен әлеуметтік қөмек беру туралы";
      шешімнің 1 тармағы келесі редакцияда мазмұндалсын:
      "1. Шет ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария мемлекеттік ұйымдардың мамандарына аудандық бюджет қаражаты есебінен отын сатып алу үшін статистика органдарының мәліметтері бойынша 1 (бір) тонна көмірдің бағасы мөлшерінде жылына біржолғы әлеуметтік көмек берілсін.".
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Сессия төрағасы Г. Түсіпова
      Аудандық мәслихаттың
хатшысы
Б. Төлеуқұлов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады