Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы әкімдігінің 05.02.2019 № 1318 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және "Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңына сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
"Жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің тізбесін бекіту туралы" Қызылорда облысы әкімдігінің 2014 жылғы 15 желтоқсандағы № 782 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4842 нөмірімен тіркелген, "Кызылординские вести" және "Сыр бойы" газеттерінде 2015 жылғы 22 қаңтарда жарияланған) мынадай толықтыру енгізілсін:
аталған қаулымен бекітілген жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің тізбесінде:
"1. Арал ауданы" бөлімі мынадай мазмұндағы 15 (он бесінші) жолмен толықтырылсын:
"15) Ақбілек 110".
Осы қаулының орындалуын бақылау Қызылорда облысы әкімінің орынбасары С.С. Қожаниязовқа жүктелсін.
Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қызылорда облысының әкімі | Қ. Көшербаев |