Концессиялық жобаларды консультациялық қолдау бойынша заңды тұлғаны айқындау туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы әкімдігінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 934 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 18 мамырда № 4983 болып тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы әкімдігінің 2016 жылғы 07 қазандағы № 599 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы әкімдігінің 07.10.2016 № 599 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      "Концессиялар туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңына сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын сүйемелдеу орталығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі концессиялық жобаларды консультациялық қолдау бойынша заңды тұлға ретінде айқындалсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Н.Н. Годуноваға жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Қызылорда облысының әкімі Қ. Көшербаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады