"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңдарына және Қызылорда облыстық ономастикалық комиссиясының 2015 жылғы 27 тамыздағы № 3 қорытындысына сәйкес, Арал ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Арал аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Ескерту. Кіріспе бөлігіне өзгерістер енгізілді - Қызылорда облысы Арал ауданы әкімдігінің 11.04.2024 № 52-қ бірлескен қаулысы және Қызылорда облысы Арал аудандық мәслихатының 11.04.2024 № 211 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
1. Арал қаласының Тәжі Палуан көшесінің батыс бөлігінде қатарлас орналасқан көшеге Әбдуали Нүрпейсов есімі берілсін.
2. Осы қаулы мен шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Арал ауданының | Арал аудандық мәслихатының |
әкімі | кезектен тыс қырқыншы сессиясының төрағасы, |
аудандық мәслихат хатшысының | |
міндетін уақытша атқарушы | |
А. Мұхимов | А. Жоланов |