Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжайды пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерін белгілеу туралы

Жаңартылған

Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 17 қыркүйектегі N 194 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 30 қыркүйекте N 5152 болып тіркелді.

      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы әкімдігінің 02.12.2022 № 819 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуiрдегi Заңына сәйкес Жаңақорған ауданының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      Мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғынжайды пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшері осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы әкімдігінің 02.12.2022 № 819 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Осы қаулының орындалуын бақылау Жаңақорған ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы әкімдігінің 02.12.2022 № 819 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Жаңақорған ауданының әкімі Р. Рустемов

      Келісу грифі – алып тасталдыҚызылорда облысы Жаңақорған ауданы әкімдігінің 02.12.2022 № 819 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

  Жаңақорған ауданы әкімдігінің
2015 жылғы 17 қыркүйектегі
№ 194 қаулысына қосымша

Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжайды пайдаланғаны үшін төлемақының мөлшері

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы әкімдігінің 02.12.2022 № 819 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғынжайдың мекенжайы

Айына бір шаршы метр үшін төлемақы мөлшері (теңге)

1

Жаңақорған кенті, Қаржаубек Жарқымбекұлы көшесі, 121 үй

104, 26

2

Жаңақорған кенті, Қаржаубек Жарқымбекұлы көшесі, 123 үй

104, 26

3

Жаңақорған кенті, Қаржаубек Жарқымбекұлы көшесі, 125 үй

104, 26

4

Жаңақорған кенті, Қаржаубек Жарқымбекұлы көшесі, 127 үй

104, 26

5

Жаңақорған кенті, Қаржаубек Жарқымбекұлы көшесі, 129 үй

104, 26

6

Жаңақорған кенті, Қаржаубек Жарқымбекұлы көшесі, 131 үй

104, 26

7

Жаңақорған кенті, Қаржаубек Жарқымбекұлы көшесі, 133 үй

104, 26

8

Жаңақорған кенті, Қаржаубек Жарқымбекұлы көшесі, 135 үй

104, 26

9

Жаңақорған кенті, Қаржаубек Жарқымбекұлы көшесі, 137 үй

81, 43

10

Жаңақорған кенті, Қаржаубек Жарқымбекұлы көшесі, 138 үй

81, 43

11

Жаңақорған кенті, Қаржаубек Жарқымбекұлы көшесі, 139 үй

81, 43

12

Жаңақорған кенті, Қаржаубек Жарқымбекұлы көшесі, 140 үй

81, 43

      Ескерту: Тұрғынжайды пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлері Қазақстан Республикасы Құрылыс және Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі төрағасының 2011 жылғы 26 тамыздағы № 306 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7232 болып тіркелген), мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлерін есептеу әдістемесіне сәйкес есептелінді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады