Жаңақорған ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 17 қыркүйектегі № 194 "Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлерін белгілеу туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 2 желтоқсандағы № 819 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 5 желтоқсанда № 30963 болып тіркелді

      Жаңақорған ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Жаңақорған ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 17 қыркүйектегі № 194 "Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлерін белгілеу туралы" қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5152 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулының тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжайды пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерін белгілеу туралы";

      көрсетілген қаулының 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғынжайды пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшері осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.";

      көрсетілген қаулының 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Осы қаулының орындалуын бақылау Жаңақорған ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.";

      көрсетілген қаулының сол жақ төменгі бұрышы келісу грифі алып тасталсын;

      көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. "Жаңақорған ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте осы қаулының Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Жаңақорған ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Жаңақорған ауданының әкімі М. Тлеумбетов

  Жаңақорған ауданының әкімдігі
2022 жылғы 2 желтоқсандағы
№ 819 қаулысына қосымша
  Жаңақорған ауданы әкімдігінің
2015 жылғы 17 қыркүйектегі
№ 194 қаулысына қосымша

Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжайды пайдаланғаны үшін төлемақының мөлшері

Мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғынжайдың мекенжайы

Айына бір шаршы метр үшін төлемақы мөлшері (теңге)

1

Жаңақорған кенті, Қаржаубек Жарқымбекұлы көшесі, 121 үй

104, 26

2

Жаңақорған кенті, Қаржаубек Жарқымбекұлы көшесі, 123 үй

104, 26

3

Жаңақорған кенті, Қаржаубек Жарқымбекұлы көшесі, 125 үй

104, 26

4

Жаңақорған кенті, Қаржаубек Жарқымбекұлы көшесі, 127 үй

104, 26

5

Жаңақорған кенті, Қаржаубек Жарқымбекұлы көшесі, 129 үй

104, 26

6

Жаңақорған кенті, Қаржаубек Жарқымбекұлы көшесі, 131 үй

104, 26

7

Жаңақорған кенті, Қаржаубек Жарқымбекұлы көшесі, 133 үй

104, 26

8

Жаңақорған кенті, Қаржаубек Жарқымбекұлы көшесі, 135 үй

104, 26

9

Жаңақорған кенті, Қаржаубек Жарқымбекұлы көшесі, 137 үй

81, 43

10

Жаңақорған кенті, Қаржаубек Жарқымбекұлы көшесі, 138 үй

81, 43

11

Жаңақорған кенті, Қаржаубек Жарқымбекұлы көшесі, 139 үй

81, 43

12

Жаңақорған кенті, Қаржаубек Жарқымбекұлы көшесі, 140 үй

81, 43

      Ескерту: Тұрғынжайды пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлері Қазақстан Республикасы Құрылыс және Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі төрағасының 2011 жылғы 26 тамыздағы № 306 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7232 болып тіркелген), мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлерін есептеу әдістемесіне сәйкес есептелінді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады