Жаңақорған кентінің көшелеріне атау беру туралы

Жаңа

Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы Жаңақорған кенті әкімінің 2015 жылғы 22 маусымдағы N 910 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 16 шілдеде N 5057 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 08 желтоқсандағы Заңына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, Қызылорда облыстық ономастика комиссиясының 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 1 қорытындысына сәйкес Жаңақорған кентінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Жаңақорған кентінің келесі көшелеріне:
      1) Ипподром -15 көшесіне Ералы Белсенбаевтың есімі;
      2) Ипподром -19 көшесіне Тұрсынқожа Шалаповтың есімі берілсін.
      2. Жаңақорған кенті әкімінің 2015 жылғы 01 маусымдағы № 888 "Жаңақорған кентінің көшелеріне атау беру туралы" шешімі жойылсын.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      4. Шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Жаңақорған кенті әкімінің
      міндетін уақытша атқарушы Б. Доспанбетов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады