Сырдария ауданының Құрмет грамотасымен наградтау туралы ережесін бекіту туралы

Жаңартылған

Қызылорда облысы Сырдария аудандық мәслихатының 2015 жылғы 22 желтоқсандағы № 366 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 19 қаңтарда № 5306 болып тіркелді.

      "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi бақару туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 1-тармағының 12-3) тармақшасына сәйкес Сырдария аудандық мәслихаты ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Қоса берiлген Сырдария ауданының Құрмет грамотасымен наградтау туралы ереже бекiтiлсiн.
      2. Осы шешiм алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Аудандық мәслихаттың кезекті Аудандық мәслихаттың
      ХLVІІІ сессиясының төрағасы: хатшысы:
      Ш. Ерімбетов___________ Б. Маншарипов______________

  2015 жылғы 22 желтоқсандағы
Сырдария аудандық мәслихатының
№ 366 шешiмiмен бекiтiлген

Сырдария ауданының Құрмет грамотасымен наградтау туралы ереже

1. Жалпы ереже

      1. Сырдария ауданының Құрмет грамотасымен наградтау туралы осы Ереже "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес әзiрлендi және Сырдария ауданының Құрмет грамотасымен наградтау тәртiбiн анықтайды.

2. Құрмет грамотасымен наградтау бойынша талаптар

      2. Сырдария ауданының Құрмет грамотасымен (әрi қарай – Құрмет грамотасы) экономикадағы, әлеуметтiк саладағы, ғылым мен мәдениеттегi, бiлiм беру, денсаулық сақтау, құқық қорғау және заңдылықты нығайту, қызмет көрсету салаларындағы, жастарға тәрбие беру жұмыстарындағы, дене шынықтыру мен спорттағы, әскери және қоғамдық, мемлекеттiк және өзiн-өзi басқару қызметтерiн дамытудағы елеулi жетiстiктерi, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты және мәдени байланысты нығайтудағы табысты жұмыстары, қайырымдылық қызметi және белсендi еңбегi мен қоғамдық-саяси қызметi үшiн және өзге де сiңiрген еңбектерiн ардақтау белгiсi ретiнде аудан азаматтары, сондай-ақ шетел азаматтары наградталуы мүмкiн.
      3. Құрмет грамотасы:
      1) үмiткердi ұсыну сәтiнде заңнамамен белгiленген тәртiпте соттылық мерзiмi өтелмеген немесе алынбаған;
      2) сот арқылы iс-әрекетке қабiлетсiз немесе iс-әрекетке қабiлетi шектеулi деп танылған;
      3) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық iс-әрекеттерi үшiн жауапкершiлiкке тартылған;
      4) үмiткердi ұсыну сәтiнде заңнамамен белгiленген тәртiпте әкiмшiлiк жазасы өтелмеген немесе алынбаған азаматтар наградталмайды.
      4. Құрмет грамотасымен қайта наградтау жүргiзiлмейдi.

3. Құрмет грамотасымен наградтау тәртiбi

      5. Құрмет грамотасымен наградтау туралы ұсыным аудан әкiмдiгiне ұсынылады және онда ұсынылушының тегi, аты, әкесiнiң аты, туған күнi, айы, жылы, бiлiмi туралы, жұмыс орны мен атқаратын қызметi туралы мәлiметтер, саладағы және тиiстi ұйымдағы сәйкес кәсiбi немесе лауазымы бойынша жалпы еңбек стажы, еңбек жолы мен жетiстiктерi туралы, наградтары мен құрметтi атақтары туралы мәлiметтер көрсетiледi.
      6. Құрмет грамотасымен наградтау жөнiндегi ұсынымдарды еңбек, шығармашылық ұжымдары, аудандық өкiлдi және атқарушы органдар, қоғамдық бiрлестiктер атынан олардың басшылары енгiзедi.
      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - Қызылорда облысы Сырдария аудандық мәслихатының 21.10.2024 № 143 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) шешімімен.
      7. Құрмет грамотасымен наградтау туралы өз кандидатураларын өз бетiмен ұсынған азаматтардан келiп түскен материалдар қаралмайды.
      8. Құрмет грамотасымен наградтау бойынша келiп түскен құжаттар алдын ала қарау және наградтау жөнiнде ұсыныс әзiрленуi үшiн 10 күн бұрын наградтау жөнiндегi аудан әкiмi жанындағы комиссияға (бұдан әрi – Комиссия) жiберiледi. Комиссияның оң қорытындысына сәйкес 5 күн ішінде аудан әкiмi мен аудандық мәслихат төрағасының (немесе олардың мiндеттерiн атқарушының) бiрлескен өкiмiн шығару арқылы Құрмет грамотасымен наградтау туралы шешiм қабылданады.
      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - Қызылорда облысы Сырдария аудандық мәслихатының 21.10.2024 № 143 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) шешімімен.
      9. Құрмет грамотасын тапсыру салтанатты түрде жүргiзiледi. Құрмет грамотасын аудан әкiмi немесе аудандық мәслихат төрағасы немесе олардың тапсырысы бойынша өзге тұлға тапсырады.
      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - Қызылорда облысы Сырдария аудандық мәслихатының 21.10.2024 № 143 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) шешімімен.
      10. Құрмет грамотасымен наградтауға байланысты құжаттамалық және өзге де қамтамасыз ету шаралары мен наградталған тұлғалардың есебiн "Сырдария ауданы әкiмiнiң аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі жүргiзедi.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады