Сырдария аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Сырдария ауданының Құрмет грамотасымен наградтау туралы ережесін бекіту туралы" Сырдария аудандық мәслихатының 2015 жылғы 22 желтоқсандағы № 366 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5306 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Сырдария ауданының Құрмет грамотасымен наградтау туралы ережесінде:
6-тармақ келесі редакцияда жазылсын:
"6. Құрмет грамотасымен наградтау жөнiндегi ұсынымдарды еңбек, шығармашылық ұжымдары, аудандық өкiлдi және атқарушы органдар, қоғамдық бiрлестiктер атынан олардың басшылары енгiзедi.";
8-тармақ келесі редакцияда жазылсын:
"8. Құрмет грамотасымен наградтау бойынша келiп түскен құжаттар алдын ала қарау және наградтау жөнiнде ұсыныс әзiрленуi үшiн 10 күн бұрын наградтау жөнiндегi аудан әкiмi жанындағы комиссияға (бұдан әрi – Комиссия) жiберiледi. Комиссияның оң қорытындысына сәйкес 5 күн ішінде аудан әкiмi мен аудандық мәслихат төрағасының (немесе олардың мiндеттерiн атқарушының) бiрлескен өкiмiн шығару арқылы Құрмет грамотасымен наградтау туралы шешiм қабылданады.";
9-тармақ келесі редакцияда жазылсын:
"9. Құрмет грамотасын тапсыру салтанатты түрде жүргiзiледi. Құрмет грамотасын аудан әкiмi немесе аудандық мәслихат төрағасы немесе олардың тапсырысы бойынша өзге тұлға тапсырады.".
2. Осы шешiм оның алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Сырдария аудандық мәслихат төрағасы | Е. Әжікенов |