Бюджеттік қаражат есебінен елді мекен шегінен тысқары жерлерде емделу үшін Маңғыстау облысы азаматтарына тегін жол жүруді ұсыну туралы

Күшін жойған

Маңғыстау облыстық мәслихатының 2015 жылғы 17 наурыздағы № 23/376 шешімі. Маңғыстау облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 24 сәуірде № 2694 болып тіркелді. Күші жойылды-Маңғыстау облыстық мәслихатының 2019 жылғы 10 желтоқсандағы № 32/387 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Маңғыстау облыстық мәслихатының 10.12.2019 № 32/387 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Кодексіне, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес облыстық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Уәкілетті органның медициналық көрсеткіштері бойынша дәрігерлік-кеңес беру комиссиясының анықтамасы болған жағдайда, елді мекен шегінен тысқары жерлерге емделуге жіберілген Маңғыстау облысының азаматтарына және оның аумағында тұратын оралмандарға, сондай-ақ науқасты алып жүруші тұлғаға (бір адамнан аспау керек) тегін жол жүру құқығы берілсін.

      2. Республикалық медициналық мекемелерде жоғары мамандандырылған медициналық көмек алған жағдайда, науқастың және оны алып жүруші тұлғаның барып-қайту жол жүру құнын төлеу жүргізілсін. Жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсету бойынша комиссиясының шешімімен мамандандырылған медициналық көмек алуға жіберілген науқастың теміржол көлігімен жүрген шығыны өтелсін.

      2.1. Уәкілетті органмен жіберілген науқасты ауруханаға жатқызудан бас тартылған жағдайда, жол жүру шығыны республикалық медициналық ұйымының шығару үзіндісіз өтелсін.

      3. Медициналық көрсеткіштер бойынша елді мекен шегінен тысқары жерлерге жіберілген науқастар және оны алып жүруші тұлғалар (бір адамнан аспау керек) темір жол көлігімен жол жүрген жағдайда, плацкарттық (купелік) вагондардың тарифі бойынша көрсетілген темір жол билеттеріне сәйкес барып-қайту жол шығындарын төлеу жүзеге асырылады.

      4. Медициналық көрсеткіштер бойынша елді мекен шегінен тысқары жерлерге жіберілген науқастар және оны алып жүруші тұлғалар (бір адамнан аспау керек) дәрігерлік-кеңес беру комиссиясының қорытындысыз әуе көлігі арқылы ұшатын жағдайда, жол шығындарын төлеу темір жол көлігінің плацкарттық вагоны билеттері құнынан аспайтын мөлшерде жүргізіледі.

      5. Дәлелдейтін жол құжаттары болмаған (жоғалту, ұрлату) жағдайда, барып-қайту төлемі билет сатып алынған темір жол (әуе) кассасы берген анықтамасы бойынша, уәкілетті орган басшысының шешіміне сәйкес жүргізіледі.

      6. Жоғары мамандандырылған медициналық көмек алуға жіберілген науқас қайтыс болған жағдайда, алып жүруші тұлғаға табытты мәйітімен бірге тасымалданғаны үшін көлік шығыны – 20 айлық есептік көрсеткіштен аспайтын мөлшерде жол шығыны өтелсін.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - Маңғыстау облыстық мәслихатының 13.12.2017 № 15/182 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      7. Облыстық клиникаға қаралуға және кеңес алуға жолданған облыстың жүкті әйелдеріне және ерекше жағдайда алып жүруші тұлғаға (бір адамнан аспайтын) темір жол көлігімен жол жүруге шығындары өтелсін.

      7-1. Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына, оларға теңестірілген тұлғаларға: басым түрде интернационалист жауынгерлерге, Чернобыль атом электр станциясындағы аварияны жоюшыларға Қазақстан Республикасы ішкі істер министрлігінің "Қазақстан" санаториясы" акционерлік қоғамында, Алматы қаласының республикалық клиникалық госпиталінде және Астана қаласының Орталық клиникалық госпиталінде медициналық оңалтуды көрсету үшін мамандандырылған медициналық көмек түрінде екі жаққа плацкарттық немесе купелік вагондарына сәйкес ұсынылған темір жол билеттерінің тарифы бойынша темір жол көлігімен көлік шығындарын өтеу жүзеге асырылсын. Әуе көлігімен ұшқан жағдайда төлем темір жол көлігінің плацкарттық вагоны билеттерінің құнынан аспайтын мөлшерде жүргізіледі.

      Ескерту. Шешім 7-1 тармақпен толықтырылды - Маңғыстау облыстық мәслихатының 13.12.2017 № 15/182 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      8. Маңғыстау облыстық мәслихаты аппаратының басшысы (Д.Сейбағытов) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      9. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Сессия төрағасы

Д. Хасанов

Облыстық мәслихат


хатшысының міндетін


атқарушы

С. Төрәлиев


      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Маңғыстау облысының денсаулық

      сақтау басқармасы" мемлекеттік

      мекемесінің басшысы

      Р.Ф. Бектубаев

      17 наурыз 2015 жыл


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады