Облыстық мәслихаттың 2015 жылғы 17 наурыздағы № 23/376 "Бюджеттік қаражат есебінен елді мекен шегінен тысқары жерлерде емделу үшін Маңғыстау облысы азаматтарына тегін жол жүруді ұсыну туралы" шешіміне өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Маңғыстау облыстық мәслихатының 2017 жылғы 13 желтоқсандағы № 15/182 шешімі. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2018 жылғы 4 қаңтарда № 3500 болып тіркелді. Күші жойылды-Маңғыстау облыстық мәслихатының 2019 жылғы 10 желтоқсандағы № 32/387 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Маңғыстау облыстық мәслихатының 10.12.2019 № 32/387 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес облыстық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Облыстық мәслихаттың 2015 жылғы 17 наурыздағы № 23/376 "Бюджеттік қаражат есебінен елді мекен шегінен тысқары жерлерде емделу үшін Маңғыстау облысы азаматтарына тегін жол жүруді ұсыну туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2694 болып тіркелген, 2015 жылғы 5 мамырда № 81-82 "Маңғыстау" газетінде жарияланған) шешіміне мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің 6 тармағы мынадай мазмұнда жаңа редакцияда жазылсын:

            "6. Жоғары мамандандырылған медициналық көмек алуға жіберілген науқас қайтыс болған жағдайда, алып жүруші тұлғаға табытты мәйітімен бірге тасымалданғаны үшін көлік шығыны – 20 айлық есептік көрсеткіштен аспайтын мөлшерде жол шығыны өтелсін.";

      мынадай мазмұндағы 7-1 тармақпен толықтырылсын:

      "7-1. Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына, оларға теңестірілген тұлғаларға: басым түрде интернационалист жауынгерлерге, Чернобыль атом электр станциясындағы аварияны жоюшыларға Қазақстан Республикасы ішкі істер министрлігінің "Қазақстан" санаториясы" акционерлік қоғамында, Алматы қаласының республикалық клиникалық госпиталінде және Астана қаласының Орталық клиникалық госпиталінде медициналық оңалтуды көрсету үшін мамандандырылған медициналық көмек түрінде екі жаққа плацкарттық немесе купелік вагондарына сәйкес ұсынылған темір жол билеттерінің тарифы бойынша темір жол көлігімен көлік шығындарын өтеу жүзеге асырылсын. Әуе көлігімен ұшқан жағдайда төлем темір жол көлігінің плацкарттық вагоны билеттерінің құнынан аспайтын мөлшерде жүргізіледі.".

      2. "Маңғыстау облыстық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі (бас инспектор А. Ерболов) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Төрағалық етуші, облыстық мәслихат хатшысы С. Трұмов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Маңғыстау облысының денсаулық

      сақтау басқармасы" мемлекеттік

      мекемесінің басшысы

      _________________ Т.Ә. Бапиев

      "13" _12_ 2017 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады